Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жалақы 300 мың теңге, пәтері 100 миллион теңге: салық органдары нені сұрайды?

Қазақстанда салық органдары азаматтардың табысы мен шығысын салыстырып тексереді. Егер ресми жалақысы аз бола тұра, адам қымбат мүлік сатып алса, оған қаражаттың қайдан келгені туралы сұрақтар қойылуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов толығырақ айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қымбат мүлік сатып алу қай кезде салық қызметінің күдігін тудыруы мүмкін
Журналистер мынадай мысал келтірді: адам 300 мың теңге көлемінде ресми жалақы алады, екі кредиті бар, бірақ соған қарамастан 100 миллион теңгеге пәтер сатып алады. Салық органдары оның ақшаны қайдан алғанын және сол табыстан салық төленген-төленбегенін қалай анықтайды?
Тұрысовтың айтуынша, мемлекеттік кірістер органдары деректерді салыстырудың өзіндік әдістемелерін қолданады. Табыс пен шығыс арасындағы айтарлықтай алшақтық сұрақтардың туындауына негіз болуы мүмкін.

"Егер сізде ешқандай табыс көзі болмаса, бірақ жылжымайтын мүлік, автокөлік және басқа да дүниелер пайда болса, онда кіріс пен шығыс бөліктері салыстырылатындықтан, сұрақ туындайды", - деп түсіндірді вице-министр.

Бұл ретте азамат қосымша табыстары туралы мәлімет ұсына алады және сатып алуды қандай қаражат есебінен жасағанын түсіндіре алады.

"Мәселен, адамның жалақысы бар, басқа ешқандай табыс көзі жоқ, бірақ ол пәтер, үй, бес-алты автокөлік сатып алса, мынадай сұрақ туындайды: бұл қаражат оған қайдан келді? Бұл - айқын мысалдар", - деді Тұрысов.

Шенеунік азаматтың басқа табыс көздерін, мысалы, консультациялардан тапқан табысын көрсетіп, тиісті салықты төлей алатынын нақтылады.
Салық қызметінің мобильді аударымдарға рұқсаты бар ма?
Тұрысов банктік мәліметтерге қолжетімділіктің шектеулі екенін хабарлады. Азаматтардың мүлкі туралы ақпараттың болуы салық органдары олардың барлық мобильді аударымдарын көріп отыр дегенді білдірмейді.

"Біз сақтайтын банктік құпия туралы заң бар. Тек белгілі бір жағдайларда ғана деректерді көре аламыз", - деп түсіндірді ол.

Салық органдары азаматтардың табысы мен мүлкі туралы не біледі?
Бұған дейін Әсет Тұрысов Қазақстанда әрбір салық төлеушіге - жеке және заңды тұлғаға - цифрлық құжаттама жасалғанын айтқан болатын. Оған жылжымайтын мүлік, көлік және басқа да деректер түседі. Бұрын жарияланған ақпаратқа сәйкес, Smart Data Finance аналитикалық жүйесі 74 дереккөзден мәлімет жинаған.
Қаржы министрі Мәди Такиев мобильді аударымдарға талдау жасалғаннан кейін 115 мың адамға қатысты сұрақтар туындағанын мәлімдеді. Оларға түскен ақшаның көзі мен мақсатын түсіндіру үшін хабарламалар жіберілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus