Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Уайымдаудың қажеті жоқ“: Қаржы министрлігі тексерулерге қатысты сұрақтарға жауап берді

Қанша қазақстандық табыс көзін растай алмады және қазір салық органдарында кімдерге қатысты сауалдар туындап отыр? Үкіметте өткен брифингте қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тұрысов салық органдарының жұмысы үздіксіз жүргізілетінін және ол есептілік тапсыру мен салық төлеу мерзімдеріне байланысты екенін атап өтті.

"Мысалы, жақында жылжымайтын мүлік бойынша хабарламалар жіберілді. Қазір жылжымайтын мүлік салығын, кейін автокөлік салығын төлеу кезеңі жүріп жатыр. Заңды тұлғалар есептілік тапсырғаннан кейін де тиісті жұмыстар жүргізіледі", - деді вице-министр.

Шенеунік сауал туындаған азаматтардың нақты санын айта алмады, өйткені бұл көрсеткіш үнемі өзгеріп отыратынын алға тартты. Сондай-ақ, оның айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері бір-бір жарым жылға жуық уақыт бойы өз жұмысында Smart Data Finance платформасын және басқа да цифрлық жүйелерді қолданып келеді.

"Сондықтан, алаңдаудың қажеті жоқ деп ойлаймын: біз бұл кезеңдердің әрқайсысынан өткенбіз. Келесі жылы заңды тұлғалар есептілік тапсырған соң, әріптестеріміз тағы да тиісті жұмыстарды атқарады", - деп толықтырды ол.

Бұған дейін Әсет Тұрысов Қазақстанда әрбір салық төлеушіге - жеке және заңды тұлғаға - цифрлық құжаттама жасалғанын айтқан болатын. Оған жылжымайтын мүлік, көлік және басқа да деректер түседі. Бұрын жарияланған ақпаратқа сәйкес, Smart Data Finance аналитикалық жүйесі 74 дереккөзден мәлімет жинаған.
Тағы оқыңыз: Жалақысы 300 мың теңге, пәтері 100 миллион теңге: салық органдары нені сұрайды?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus