Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңа әуе рейстері мен мұнай кен орны: Тоқаев пен Оман сұлтаны не туралы сөйлесті?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының маңызды оқиға екенін атап өтті.

"Аса мәртебелі сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы елдеріміз сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты.

"Қазақстандықтар еліңізге ерекше құрметпен қарайды. Оманға саяхаттап барған азаматтарымыздың қатары қалың. Алайда Маскатты, Оманның басқа да қалаларын көрмеген отандастарымыз бар. Елдеріміз арасында қосымша тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсері сөзсіз. Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оман сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

"Кейінгі отыз жылдан аса уақыт ішінде қарым-қатынасымыз айтарлықтай ілгерілеп, нығая түсті. Бүгінгі кездесуіміз қол жеткізілген нәтижелерді бекемдеп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сапар аясында өзара түсіністік жөніндегі бірқатар келісім мен меморандумға қол қоямыз. Сіздің қолдауыңызбен экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатамыз деп сенемін. Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз. Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын", – деді Хайсам бен Тариқ Әл Саид.













Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aqorda (@akordapress)


Айта кетейік, 5 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды.
Қарсы алу рәсімінен соң әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті.
Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман сұлтанын қарсы алды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus