Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Аңыз ба, ақиқат па? Синоптиктер ауа райына қатысты кең таралған 5 тұжырымды талдады

Аязда міндетті түрде қар жауа ма? Температура нөлден жоғары болса, қар жаумай ма? Ал егер қосымша +5 градус көрсетсе, далада нақты солай сезіле ме? Tengri Life бұл тұжырымдардың қайсы шындық, қайсы аңыз екенін анықтап көрді."Қыста күн қатты суық болса, қар көп жауады"
Аңыз."Қазгидромет" синоптиктерінің айтуынша, қақаған аяз қар жауатынын білдірмейді. Жауын-шашын болуы үшін ылғал мен сәйкес атмосфералық үдерістер қажет.
Сондықтан температура нөлден төмен түсуі мүмкін, бірақ ауа райы құрғақ әрі ашық бола береді. Басқаша айтқанда, қар жаууы үшін тек аяз жеткіліксіз.
"Жаңбыр жүздеген шақырым жерде пайда болған бұлттан жаууы мүмкін" Ақиқат.
Бұлт пен ауа массалары атмосфералық циркуляциямен бірге қозғалады. Сондықтан жауын-шашын бұлт түзілген жерден алыста жаууы мүмкін.
Демек, бұлт пайда болған жер мен жаңбыр жауған жер бір-бірінен айтарлықтай қашықтықта болуы ықтимал.
"Егер қосымша +5 көрсетсе, көшеде барлық жерде +5 болады" Аңыз.
Бір қаланың өзінде температура әртүрлі болуы мүмкін. Оған рельеф, биіктік, құрылыс тығыздығы, жел, бұлт және басқа да факторлар әсер етеді.
Сондықтан қосымшадағы көрсеткіш сіздің үйіңіздің маңындағы нақты температура болмауы мүмкін. Әсіресе ашық алқап пен ғимараттар тығыз орналасқан аудандар арасындағы айырмашылық қатты байқалады."Қар температура 0-ден жоғары болғанда да жаууы мүмкін" Ақиқат.
Иә. Егер жер бетіндегі температура нөлден сәл ғана жоғары болса, қар түйіршіктері толық еріп үлгермей, жерге жетуі мүмкін.
Сондықтан аздаған жылылықта қардың жаууы - болжамдағы қателік емес, болуы мүмкін табиғи құбылыс.
"Егер болжамда +30 болса, күн солай сезіледі"
Аңыз.
Ауа температурасы - біздің сезінуімізге әсер ететін жалғыз фактор емес. Ылғалдылық, жел, күн радиациясы және басқа да ауа райы жағдайлары маңызды рөл атқарады.
Сондықтан +30 градус әртүрлі сезілуі мүмкін.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (@kazhydromet) жарияланымы


Еске салсақ, бұған дейін Tengri Life "Қазгидрометпен" бірлесіп, төмен ұшқан қарлығаштардан бастап, қызарған аспан мен Ай айналасындағы шеңберге дейінгі танымал халық болжамдарының астарында не жатқанын талдаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus