Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан - Фарер аралдары: құраманың Ұлттар лигасындағы маңызды матчін қайдан көруге болады?

Бүгін, 6 қазанда, футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында өз алаңындағы екінші матчін Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Жеңілген жағдайда біздің командада В лигасына шығуға теориялық мүмкіндігі ғана қалады, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстан - Фарер аралдары матчі бүгін "Астана Аренада" өтіп, сағат 19:00-де басталады. Командалар арасындағы 26 қыркүйекте өткен алғашқы ойында тең есеп тіркелген болатын.
Фарер аралдарымен ойын Қазақстанды келесі лигаға шығу жолындағы күреске қайтара алады
Қазір Қазақстан құрамасы үш ойыннан кейін бір ұпаймен топта төртінші орында тұр. Көш басында Фарер аралдары (3 ұпай), Молдова (4 ұпай) және Словакия (7 ұпай) келе жатыр.
Төртінші тур ойындарының нәтижесіне байланысты Қазақстан не екінші орындағы командамен ұпай жағынан теңесіп, мәртебелі дивизионға шығу үшін күресті жалғастырады, не бір ұпаймен соңғы орында қалып, екінші сатыдан бірден бес ұпайға қалып қояды.
Алда топ фавориті Словакиямен кездесу барын ескерсек, екінші орынға шығу мүмкіндігі статистикалық қателік деңгейіне дейін төмендейді.
В лигасына тікелей жолдаманы бірінші орын ғана береді, бірақ екінші сатыға ие болса, команда В дивизионының ең әлсіз ұжымдарымен түйісу матчтерінде ойнауға кепілдік алады. Қазір бұл қатарда Грузия, Израиль, Солтүстік Македония және Румыния бар – олар мықты, бірақ деңгейі жағынан жеңуге болатын командалар.
Лигалар арасындағы ауысу тұрғысынан үшінші орынның маңызы жоқ – қос команда да келесі маусымды С лигасында өткізеді.
1-2-орындарды иелену неге маңызды?
Келесі маусымнан бастап Ұлттар лигасының форматы өзгереді. Төрт дивизионның орнына үшеуі болады, ал үшінші дивизионға қазіргі С және D лигаларының, яғни ең төменгі деңгейдегі командалар жиналады.
Егер Қазақстан В лигасына жолдама алса, онда деңгейі жоғары қарсыластармен ойнауға мүмкіндік алады. Ең бастысы, Ұлттар лигасы дивизиондарындағы орны Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне әсер етеді. Осы дивизиондар құрамына қарай екі іріктеу лигасы құрылады: бірінде А және В дивизиондарының командалары, ал екіншісінде тек С дивизионының командалары жиналады.
Жаңа жүйе туралы толығырақ мына материалдан оқыңыз.
Қазақстан құрамасына В лигасына өту үшін не істеу керек?
Алдағы үш ойындағы үш жеңіс Қазақстан құрамасына екінші орын мен түйісу матчтеріне қатысуды қамтамасыз етеді. Оқиғалардың белгілі бір даму барысында бірінші орынға шығу да мүмкін – мәселен, словактар екі рет тең түсіп, біздің командадан жеңілсе.
Екінші орынға табан тіреу үшін екі жеңіс те жеткілікті болуы мүмкін – бүгін Фарер аралдарымен, кейін сырт алаңда Молдовамен. Әрине, егер қарсыластар Словакиядан ұпай еншілей алмаса және Фарер аралдарын жеңсе.
Сонымен қатар бүгінгі қарсыласымыз да екінші орын үшін күресін жалғастырып жатыр. Қазақстанды сырт алаңда жеңу фарерліктерді түйісу матчтеріне жолдама алу жолындағы фаворитке айналдырады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Қазақстан - Фарер аралдары: тікелей трансляция
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы аса маңызды матчін Qazsport арнасы көрсетеді. Трансляция бүгін сағат 18:50-де басталып, арна сайтында көрсетіледі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Джон ван ’т Шкип Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы өз алаңындағы матчінде Молдовадан жеңілу - өз жауапкершілігі екенін мәлімдеді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus