Тоқаев пен Оман сұлтаны Астанадағы кездесуде не туралы сөйлесті?
Қарсы алу рәсімінен соң әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысынан Оман Сұлтанының сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті.
"Оман Сұлтандығы экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен, халықаралық аренада өте белсенді әрі конструктивті дәнекер мемлекет ретінде белгілі. Еліңіздің өз аймағында, одан тысқары жерлерде, соның ішінде Қазақстанда да беделі биік. Мемлекеттеріміз арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Алдымызда ынтымақтастық аясын мейлінше кеңейту міндеті тұр", – деді Президент.
Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі келіссөздердің мазмұнды әрі жемісті өтетініне сенім білдірді.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою, сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қазақ-оман бизнес форумына қатысуы жоспарланған.
Оман сұлтаны Астана келді: оның бортымен әскери ұшақтар қапталдаса ұшты
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ (@ptrk.kz)
Айта кетейік, 5 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты күтіп алды. Мәртебелі мейманның келуіне орай ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президент оркестрі сап түзеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!