Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы нөсерге дайындалып жатыр

Алматы жаңбырға дайындалып жатыр: коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Су басудың алдын алу мақсатында 70 жедел бригада дайындалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Кешкі уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі

Синоптиктер болжамы бойынша, 1 қазанда сағат 18:00-ден кейін Алматыда қарқындылығы 1-2 миллиметр болатын аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 2 қазанға қараған түні және таңғы сағат 9:00-ге дейін қарқындылығы 2-4 миллиметр болатын жаңбыр жауады деп болжанған. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін.

Жаңбырға қарсы 70 бригада дайындалды

Ықтимал су басу жағдайларының алдын алу және оларды жедел жою үшін Алматыда 70 жедел бригада - 416 жол жұмысшысы кезекшілікке кірісті.

Дайындық деңгейінде 252 арнайы техника, 48 мотопомпа және 18 ассенизатор машинасы бар. Техника су жиналуы мүмкін орындарға алдын ала орналастырылып жатыр. Сондай-ақ 2,4 мың қап құм дайындалған.

Ауа райы қолайсыз болған кезде қалалық қызметтер күшейтілген режимге ауысады. Алматы құтқару қызметі бір ассенизатор машинасы мен 15 мотопомпаны, ал ТЖД 240 адамды, 53 арнайы техника мен 54 мотопомпаны дайындап отыр.

Бригадалар су жиналуы мүмкін учаскелерді бақылауда ұстап, қажет болған жағдайда суды сорып шығарады. Бұл ретте коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмысын жалғастырады: күн сайын көшеге 3 080 жол жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника шығады.

Алматыда алдағы уақытта ауа райы қандай болады?

Бұған дейін синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы 10 күнде ауа райы қандай болатынын айтқан еді. Қазақстанның екі ірі қаласының тұрғындарын жаңбыр, қатты жел мен қар күтіп тұр, алайда кейіннен температура қайта көтеріле бастайды. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus