Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Шабуылшы Криштиану Роналду Португалия ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы O Jogo басылымы хабарлайды, деп жазады Tengri Sport "Чемпионат" сайтына сілтеме жасап.
Басылым Роналдудың бұл шешімі түпкілікті екенін атап өтті. Форвард бұдан былай Португалия намысын қорғамайды, ал Ұлттар лигасының бірінші турындағы Уэльске қарсы ойын (1:0) оның ұлттық құрама жейдесіндегі соңғы матчі болды.
Бұған дейін Роналду жексенбі күні Ослода өткен Ұлттар лигасының Норвегияға қарсы матчтен (2:1) кейін құрама жаттығуына қатысудан бас тартқан болатын. Ол ойынды Роналду негізгі құрамда бастамай, кездесуді толығымен қосалқы құрам орындығында өткізген еді.
Кейінірек БАҚ құрама бапкері Жорже Жезуш пен футболшының кездесіп, түсініспеушілікті жойғанын хабарлады. Алайда сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында Жезуш Роналдуның Данияға қарсы алдағы матч құрамына кірмейтінін мәлімдеді. Осыдан кейін Роналду ұлттық құрама лагерінен кетіп қалып, әлеуметтік желіде кейінірек "өз кетуінің себептері туралы шындықты" айтуға уәде берді.

"Ұлттық құраманың бас бапкері өткізген баспасөз мәслихатынан және Португалия футбол федерациясының (FPF) президентімен сөйлескеннен кейін мен команда сапынан кету туралы шешім қабылдадым. Уақыты келгенде, мен әрқашан адал болған құрамадан кетуімнің себептері туралы шындықты Португалия халқына айтып беремін. Енді Португалия құрамасына және барлық командаласыма сәттілік тілейтін кез келді", - деп жазды Роналду Instagram-да.

Роналду Португалия құрамасы сапында 234 кездесу өткізіп, 146 гол соққан. Ол ұлттық құрамамен бірге 2016 жыыл Еуроны және екі рет Ұлттар лигасын жеңіп алды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus