Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Жай ғана хайп жинағысы келді“: шешен спортшысы Шавкат Рахмоновқа сес көрсетті

Түркия намысын қорғайтын шешен текті UFC файтері Ислам Дулатов мүмкіндік туса, Шавкат Рахмоновты мерзімінен бұрын жеңетінін мәлімдеді. Қазақстандық спортшының бапкері Эдуард Базров Tengri Sport-қа берген сұхбатында файтердің бұл сөзіне жауап берді.
Жақында Ислам Дулатовтан бабында тұрған кезінде кім мықты екенін сұраған: ол ма, әлде жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов па?Файтер Рахмоновты құрметтейтінін, бірақ оның айтарлықтай нәтиже көрсете қоймағанын айтып, жекпе-жек өткізсе, оны жеңе ете алатынын жеткізді.

"Бабымда болсам, мен сөзсіз Ислам Дулатовты (өзін) таңдаймын. Шавкат әзірге - мен оған құрметсіздік танытып немесе жетістіктерін кемсіткім келмейді - бірақ менің көзімде ол шынымен де сондай деңгейде деп айтатындай таңғаларлық ештеңе көрсеткен жоқ. Оның жекпе-жектері жақсы, бірақ мен де қарсыластарымды мерзімінен бұрын жеңіп, жақсы кездесулер өткізіп жүрмін. Сондықтан екеуіміздің біріміз мерзімінен бұрын жеңіледі деп ойлаймын. Егер мен бабымда болсам, ол жеңіледі", - деді Дулатов.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Yavuz Saynomo (@yavuz_fighthunterz) жарияланымы


Tengri Sport тілшісі қазақстандық жұлдыздың бапкері Эдуард Базровпен хабарласты. Ол файтерлердің деңгейі мүлдем бөлек екенін айтып, Дулатов Рахмоновтың есімін тек хайп үшін пайдаланды деген пікір білдірді.

"Ол модель ғой. Киім жарнамалайды, подиумда жүреді, сосын барып UFC-де төбелеседі. Ол жай ғана сөйлеп тұр. Іске келгенде бәрі басқаша болады. Бізге ол сияқты файтерлер қызық емес. Ол рейтингте нешінші орында өзі? Қайда төбелесіп жүр? Қайдан түскен адам өзі? Меніңше, ол жай ғана Шавкаттың есімін атап, соның арқасында танымал болғысы келді. Неше түрліні айта береді. Мұндай құр сөйлейтін адамдар әлі көп болады", - деп жауап берді Базров.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Eduard Bazrov-тың жазбасы (@eduard_bazrov15)


Ислам Дулатов деген кім?
Ислам Дулатов - шешен-неміс аралас жекпе-жек шебері. 1998 жылы 2 тамызда Урус-Мартанда (Шешенстан) дүниеге келген. 2007 жылы отбасымен бірге босқын ретінде Германияға көшіп, Дюссельдорфта өскен. Қазіргі уақытта UFC-де Түркия туы астында өнер көрсетеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????? ???????????????????????????? (@islam_dulatov1) жарияланымы


Кәсіби рекорды - 12-1, барлық жеңісіне мерзімінен бұрын қол жеткізген. 2024 жылдың қазанында Dana White’s Contender Series (DWCS) турнирінде жарқын өнер көрсетті. Оның қарсыласы LFA-ның бұрынғы чемпионы, тәжірибелі бразилиялық Ванилтон Антунес болды.
Дулатов алғашқы секундтардан-ақ алға ұмтылып, қолмен белсенді жұмыс істеп, қысым көрсетті. Бірінші раундтың ортасында ол Антунесті торға тақап, кейін түрегеп тұрып шынтақпен жойқын соққы жұмсады. Соққы дәл самайға тиіп, бразилиялық ес-түссіз құлады. Төреші жекпе-жекті бірінші раундтың 2:44 минутында тоқтатты.
Бұл нокаут Дана Уайтқа қатты әсер етті. Ол бірден Дулатовқа UFC-мен келісімшарт ұсынды.

Бір жыл бойы КҮН САЙЫН ШЫНТАҚПЕН нокаут жариялау! (29/365)Ислам Дулатов vs Ванилтон Антунес#UFC #MMATwitter #UFCRio pic.twitter.com/O9lOyuLZOV
- ????The MMA Mark???? (@TheMMA8Ball_) 9 қазан, 2025 жыл
Дулатов UFC-дегі кәсіби дебютін 2025 жылғы 19 шілдеде Жаңа Орлеандағы (Луизиана штаты, АҚШ) "Smoothie King Center" аренасында өткен UFC 318 турнирінде жасады. Қарсыласы америкалық Адам Фюгитт болды.
Фюгитт екінші нөмірмен жұмыс істеп, күреске түсуге тырысты, алайда Дулатов қашықтықты сенімді бақылап, тік соққылар мен лоу-киктер бағыттады. Бірінші раундтың төртінші минутында Ислам қарсыласын сол жақтан дәл чек-хукпен қарсы алды. Фюгитт құлап, Дулатов оны бірден партерде соққының астына алып, жеңісті жұлып алды.
Осы жеңісі үшін Дулатов "Кештің үздік өнері" бонусын алды.

Islam “The Ripper” Dulatov(11-1) vs Adam Fugitt(10-4)UFC 318: Holloway vs Poirier 319 шілде, 2025 жылpic.twitter.com/LbrIMaPCLl
- Underrated Tribal Chief (@CombatUTC) 2026 жылғы 24 шілде
Шешен файтері модельдік мансабын қатар алып жүр
Жекпе-жектермен қатар Ислам модель ретінде де табысты жұмыс істейді. Ол Versace (соның ішінде эксклюзивті келісімшарт пен Сән апталықтарындағы көрсетілімдер), Gucci, Lanvin, Tommy Hilfiger, Hugo Boss және басқа да брендтермен жұмыс істеген. 2018 жылы British Vogue оны ең перспективалы он ер модельдің тізіміне қосты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

???????????? ???????????????????????????? (@islam_dulatov1) жарияланымы


Шавкат Рахмоновтың жекпе-жекке шықпағанына 662 күн болды
Еске сала кетейік, жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов 2024 жылдың 8 желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінен бері жекпе-жекке шықпады. Ол кезде Шавкат төрешілердің бірізді шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын.
Бастапқыда бұл жекпе-жек Шавкат үшін чемпиондық айқас болуы тиіс еді, бірақ сол кездегі белбеу иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Кейінірек Рахмоновтың өзі де жарақат алғанын мәлімдеп, чемпиондық атаққа таласа алмады.
Қазақстандық спортшы біраз уақыт бойы өнер көрсетпегендіктен, оны UFC рейтингінен шығарып тастады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus