Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда маңдайшаларды келісу қажет: 1 қазаннан бастап не өзгереді?

2026 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда маңдайшаларды орналастыру тәртібі өзгереді. Кәсіпкерлер үшін бұрынғыдай тек хабарлама жіберу жеткіліксіз болмақ: енді маңдайшаны ілмес бұрын оның эскизін жергілікті атқарушы органмен келісіп алу қажет, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қазаннан бастап не өзгереді?

1 қазаннан бастап "Маңдайшаны орналастыруды келісу" деп аталатын жаңа мемлекеттік қызмет енгізіледі. Ол маңдайша эскизін жергілікті әкімдікпен алдын ала келісуді көздейді.

Егер бұрын кәсіпкер маңдайшаны орналастыру туралы хабарлама ғана жіберсе, енді оны келісу үшін белгіленген нысан бойынша өтініш жазып, оған эскизді қоса беруі тиіс.

Тағы бір өзгеріс құжаттарды тапсыру тәсіліне қатысты: мемлекеттік қызмет электронды форматта қолжетімді болады.

Өтінішті eGov электронды үкімет порталы немесе, мысалы, astana.kz сайты арқылы онлайн беруге болады. Сондай-ақ қызмет алу үшін тікелей жергілікті әкімдікке жүгінуге мүмкіндік бар.

Құжаттар кеңсе арқылы тапсырылған жағдайда, өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.

Электронды түрде өтініш бергенде, оның қаралу барысы мен қызмет көрсету нәтижесі туралы ақпарат порталдағы жеке кабинетте қолжетімді болады.

Қызмет көрсету мерзімі - төрт жұмыс күні.

Қандай маңдайшаларды келісу қажет?

Жаңа тәртіп республикалық маңызы бар қалалардағы, елордадағы, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардағы, сондай-ақ ауылдар мен кенттердегі жеке және заңды тұлғалардың маңдайшаларына қатысты қолданылады.

Маңдайша деген - жеке немесе заңды тұлғаның атауы мен қызмет түрі, соның ішінде оны дараландыру құралдары туралы ақпарат. Мұндай ақпарат нысан нақты орналасқан және қызметін жүзеге асыратын жерде қойылады.

Қарапайым тілмен айтқанда, егер кәсіпкер бизнес ашып, өз нысанын белгілеу үшін маңдайша орнатпақ болса, оны орналастыруды алдын ала белгіленген тәртіппен келісуі керек.

Маңдайша қандай талаптарға сай болуы керек?

Келісу үшін кәсіпкерге эскиз дайындау қажет. Ол қаланың (елді мекеннің), мысалы Астананың дизайн-кодына, сондай-ақ тіл туралы заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Эскизді қарау кезінде маңдайшаның орналасатын жері, көлемі мен пропорциялары, құрылымдық орындалуы, қасбеттің сәулетіне сәйкестігі және тілдік рәсімделуі ескеріледі.

Егер эскиз белгіленген талаптарға сай келмесе, келісім беруден бас тартылуы мүмкін.

Сондай-ақ маңдайшаны орналастыру және қасбеттің сәулеттік келбетіне қойылатын талаптардың, тіл туралы заңнаманың бұзылуы немесе анық емес құжаттардың ұсынылуы бас тартуға негіз бола алады.

Еске сала кетейік, 1 қазаннан бастап Қазақстанда кейбір валюталық депозиттер бойынша шарттар өзгереді. Банктер шетел валютасындағы ұзақ мерзімді жинақ салымдары бойынша жоғары мөлшерлемелер ұсына алады. 1 қазаннан бастап мерзімі бір жылдан асатын жинақ валюталық салымдар бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлеме жылдық 1 пайыздан 2,5 пайызға дейін өседі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus