Қостанайда BMW жүргізушісі дрифт жасап асфальтты бүлдірген: ол қамауға алынды
Қостанайда жолда дрифт жасаған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Құқық бұзушылық бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жүргізуші жолда әдейі дрифт жасап, салдарынан жол бетінде шина іздері қалып, төсем бүлінген.Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ол Қостанай қаласының 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Жыл басынан бері ол жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 16 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, жүргізуші бұған дейін ұсақ бұзақылық үшін де әкімшілік жаза алған.
Сот оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын кесті. Жол төсеміндегі зақымдар қалпына келтірілді.
Полиция жолдағы қауіпті маневрлер өзгелерге қатер төндіретінін және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Тағы оқыңыз: Алматыда шетелдік қиылыста дрифт жасағаны үшін қамауға алынды