Юрий Дудь Мәскеуде сырттай қамауға алынды: толық мәлімет
Мәскеуде журналист әрі блогер Юрий Дудь сырттай қамауға алынды. Бұл туралы Мәскеудің жалпы юрисдикция соттарының баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Tengri Life.
Сот шешімі
Мәскеудің Басман аудандық соты Юрий Дудьқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай тағайындады. Сот шешіміне сәйкес, қамау мерзімі екі айға белгіленген.
"29 қыркүйекте сот Юрий Дудьқа қатысты ол Ресей аумағына экстрадицияланған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына берілген сәттен бастап немесе Ресей аумағында ұсталған сәттен бастап екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осылайша, мерзім Дудь Ресей аумағында ұсталған сәттен немесе экстрадицияланған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына тапсырылған сәттен бастап есептеледі.
Баспасөз қызметі мәліметінше, Дудь Ресей Қылмыстық кодексінің 205.2-бабы 2-бөлігі - террористік қызметті жүзеге асыруға жария түрде шақыру, терроризмді жария түрде ақтау немесе терроризмді насихаттау - бойынша айыпталып отыр.
Бұған дейін, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ол Росфинмониторингтің террористер мен экстремистер тізіміне енгізілген болатын.
Юрий Дудь
Журналист әрі блогер. Оның YouTube-арнасына 10 миллионнан аса адам жазылған. Ресей Федерациясының Әділет министрлігі журналисті 2022 жылғы сәуірде "шетелдік агент" деп жариялады. Дудь бұл шешімге қарсы шығуға тырысып, "оны шетелдік агент қызметін атқаратын шетелдік БАҚ тізіліміне қосу туралы хабарлама жібермеуіне байланысты Әділет министрлігінің әрекетсіздігін заңсыз деп тануды" талап етті. Жоғарғы сот оның талап арызын қанағаттандырудан бас тартты.
Юрий Дудь бірнеше рет қазақстандық жұлдыздардан сұхбат алған болатын. 2025 жылғы қазанда қазақстандық блогер Әлішер Елікбаев Юрий Дудьпен кездесіп, оған Қазақстаннан барған қонақтары бойынша блиц-сауалнама жүргізді.
2021 жылы Дудь "Ирина Кайратовна" тобының мүшелерімен үлкен сұхбат шығарған болатын.