Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы хайуанаттар бағында марал төлдеді - фото

Биыл Алматы хайуанаттар бағында маралдың екі төлі дүниеге келді. Қызметкерлер бұл қуанышты жаңалықты енді ғана көпшілікпен бөлісіп, желіде өсіп қалған төлдердің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengri Life.
Алматы хайуанаттар бағындағы маралдар қашан төлдеді?
Алғашқы төл 2026 жылғы 7 маусымда дүниеге келген. Оған Маралтай деген ат қойылған. Әкесі – Түркістан, анасы – Алатау. Екінші төл 2026 жылғы 10 қыркүйекте туған. Оған Мұқан деген ат берілген. Әкесі – Сарайшық, анасы – Чита.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қос төл де мамандардың тұрақты бақылауында. Оларға қажет күтім жасалып жатыр.

"Басты міндетіміз – төлдердің дені сау болып өсіп, дұрыс жетілуіне қажет жағдай жасау. Олардың жай-күйі күн сайын бақылауда. Қажет болған жағдайда ветеринарлық тексеру жүргізіледі. Қазір төлдер енесінің жанында өсіп, айналасына біртіндеп бейімделіп келеді. Осылайша табиғи ортаға тән мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып жатыр", – деді Алматы хайуанаттар бағы тұяқты жануарлар бөлімінің жетекшісі Нұртай Сәрсенбаев.

Суреттер
Сондай-ақ, қалалық әкімдік жануарлардың суреттерін жариялады.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімдік мәліметінше, қазір қос төлдің де жағдайы жақсы. Хайуанаттар бағының мамандары олардың денсаулығын, дамуы мен қоректенуін күн сайын қадағалап, тиісті күтім жасап отыр.
Еске сала кетейік, сәуірде хайуанаттар бағында Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюларының қонжықтары дүниеге келгені белгілі болды. Олар қаңтарда туып, алғашқы айларда ана сүтімен қоректеніп, апанда болған. Құрманбек пен Герда жұбынан екі қонжық өрбіді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus