Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйін тексеру жөніндегі комиссия құруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі, 26 қыркүйекте елдің Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне тексеру жүргізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақордаға" сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды", - делінген хабарламада.

Комиссия құрамына:

Балаева Аида Ғалымқызы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары, Комиссия төрағасы;
Смайылов Әлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы, Комиссия төрағасының орынбасары;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
Элиманов Жанат Қалдыбекұлы – Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;
Баймұқашев Мұрат Қалибекұлы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы;
Тәкиев Мәди Төкешұлы – Қазақстан Республикасының қаржы министрі;
Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы – Қазақстан Республикасы бас прокурорының бірінші орынбасары;
Алтынбаев Әли Сапарғалиұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары;
Әмрин Азамат Кемеңгерұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.


"Комиссия жеті күн ішінде атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелерін баяндауға тиіс. Осы өкім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді", - делінген хабарламада.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде 14 әскери қызметші қаза тапты. Оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.
Іс бойынша Қарулы күштердің бес лауазымды тұлғасы ұсталды. Олардың барлығы күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ұсталғандардың арасында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ, теңіз жаяу әскерлері ротасының және катердің командирлері бар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus