Теміртауда нөсерден кейін көшелерді су басты: тұрғындар видео көрсетті
Қала тұрғындарының айтуынша, қолайсыз ауа райының салдары Теміртаудың бірнеше бөлігінде байқалады. Мәселен, жұрт әлеуметтік желілерде Димитров пен Комсомол көшелерінің қиылысы мен "Зорька" ауданындағы жағдайға шағымданып жатыр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жарияланым: Темиртау????????| Новости, События, Обзоры (@temirtau.today)
"Зорькадағы" Комсомол көшесі жаңбыр жауған сайын Венецияға айналады. Бұл жағдайдың жалғасып келе жатқанына көп жыл болды! Жолдан өту мүмкін емес. Ол жерде нөсер кәрізі деген атымен жоқ", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Өзге пікір қалдырушылар да нөсер кәрізі жүйесінің жай-күйіне шағымданды.
"Әкімдер ауысады, бірақ бәрі сол қалпында қалады. Нөсер кәріздері жоқ немесе жұмыс істемейді. Сосын аяз түскенде жолдардың тас-талқаны шығады", - делінген тағы бір пікірде.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жарияланым: Temirtau.times | Темиртау Таймс (@temirtau.times)
Кейбір тұрғындар мәселе нөсер кәрізінде ғана емес деп есептейді. Олар жол төсемінің деңгейі мен кәріз жүйесінің өткізу қабілетіне назар аударды.
"Жөндеуге дейін де ол жерде су жиналатын. Ал жөндеуден кейін ше? Жол салғанда деңгейін көрмей ме? Мәселе тек нөсер кәрізінде емес. Егер асфальт деңгейі төмен болса, судың бәрі сол жерге жиналады. Сондай-ақ кәріз жүйесін толық ауыстырдық десе де, ол мұндай көлемдегі суды өткізуге қауқарсыз", - деді қала тұрғыны.
Теміртау әкімдігі судың жиналуы жауын-шашынның мол түсуінен болғанын хабарлады.
"Жауын-шашын мөлшерінің көп болуына байланысты қаланың жекелеген учаскелерінде уақытша су жиналды. Нөсер кәрізі штаттық режимде жұмыс істеп, су бұруды қамтамасыз етіп жатыр", - деп хабарлады қала әкімдігі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Жарияланым: Темиртау & Казахстан 24 (@temirtau.24)
Әкімдік мәліметінше, қазір жолдардағы жағдай қалыпқа келді және бақылауға алынған.
Бұған дейін "Қазгидромет" Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мегаполистерде 26, 27 және 28 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.
Астанада 3 градусқа дейін үсік жүреді, ал Алматыда күн жылы болады
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Астана мен Алматыдағы ауа райы бір-бірінен қатты ерекшеленеді: елордада түнде -3 градусқа дейін үсік жүреді, ал Алматыда күндіз ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі.