Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанадағы рейд: көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші 20 тәулікке қамалды

Полиция рейді барысында Бөгенбай батыр даңғылында Kia Rio жүргізушісі ұсталды. Ер адам көлікті мас күйде және жүргізуші куәлігінсіз басқарған, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, тексеріс барысында 37 жастағы ер адам мас болып, оның көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды.

Медициналық куәландыру жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйде болғанын көрсетті. Сот шешімімен ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. Автокөлік коммуналдық арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция жүргізушілерге көлікті мас күйде айдау жол қозғалысының барлық қатысушысына қауіп төндіретінін ескертті.

Еске сала кетейік, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, полиция жыл басынан бері дрифт жасаушыларға, гүрілдейтін автокөліктер мен мотоциклдерге қарсы түнгі рейдтер жүргізіп жатыр. Тексеріс шаралары әсіресе демалыс күндері белсенді түрде өтеді.

Сонымен қатар жүргізушілер көлікті заңсыз қайта жабдықтағаны үшін жауапқа тартылып жатыр. Қатты шу көбінесе шығару жүйесі құрылымын өзгерткеннен кейін пайда болады. Жыл басынан бері дрифт жасағаны үшін 288 адам жазаланған.

Сондай-ақ 23 қыркүйекте Алматы, Астана және басқа да қалаларда гүрілдейтін көліктерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар басталды. Айта кетейік, Tengri Auto тілшісі осындай рейдтердің біріне қатысып қайтты, ол туралы мына жерден оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus