Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Азиаданың бес дүркін чемпионы жеңісінен кейін мансабын аяқтайтынын айтты

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Аичи мен Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында жекелей сындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей сында жеңіске жетіп, 41:24.05 уақытта жүріп өткен еді.
Алексей Луценко үшін бұл мансабындағы төртінші Азия ойындары, ал жеңіп алған алтыны - құрлықтың басты додасындағы бесінші жүлдесі.

"Қазақстан атынан Азия ойындарында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілу мен үшін әрдайым ерекше қуаныш. Оның үстіне бүгінгі күніміз жақсы жаңалықпен басталды: Рината Сұлтанова алтын медаль жеңіп алды. Бұл бізге жігер беріп, бүкіл құраманың рухын көтерді", - деді спортшы.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба


Сондай-ақ, 34 жастағы велошабандоз қолдау көрсеткен және дайындыққа көмектескен жандардың бәріне алғыс айтып, бас жаттықтырушы Дмитрий Муравьевке жеке ризашылығын білдірді.

"Жыл басы мен үшін сәтті бола қойған жоқ. Спортта жеңіс те, жеңіліс те қатар жүреді. Менің басымнан өткен жағдайдың қиындығы сонша, жаттығу кезінде тура мағынасында құлап қалдым. Дмитрий кәсіби спортшы болғандықтан, қандай кезеңнен өтіп жатқанымды жақсы түсінді. Ол мені үнемі қолдап, жігерлендіріп отырды. Соның арқасында Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, осындай нәтижеге қол жеткіздім", - деп толықтырды Алексей.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба


Айта кетейік, Луценко Азиадада алғаш рет 2014 жылы топ жарған болатын. Сондай-ақ, ол 2018 және 2022 жылдары да жеңімпаз атанды. Қазір спортшының қоржынында Азия ойындарының бес "алтыны" мен бір "күмісі" бар.
Алтын: Инчхон-2014 - жекелей сын, Джакарта-2018 - топтық жарыс, Джакарта-2018 - жекелей сын, Ханчжоу-2022 - жекелей сын, Аичи-Нагоя-2026 - жекелей сын.
Күміс: Ханчжоу-2022 - топтық жарыс.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Влад Семёновтың жарияланымы|Фотограф|Алматы (@semyonov_art)


XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 558 спортшы қорғайды.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 6 медаль - 4 алтын және 2 қола бар.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus