Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Тек титул керек“: Әлімханұлы чемпионмен жекпе-жектегі жүлде қоры туралы айтты

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионы Хамза Ширазбен жекпе-жек үшін берілетін қаржатқа қатысты пікір білдіріп, алдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желілерінде WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Хамза Ширазбен болатын кездесуден тек титул керек екенін айтты.
Қазақстандықтың айтуынша, оны ақша да, британдықпен жұдырықтасу да қызықтырмайды. Әлімханұлы Шираздың титулдан бас тарту нұсқасын да қабылдауға дайын. Мұның бәрі оған аты аңызға айналған мексикалық боксшы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізу үшін қажет.

"Мені ақша қызықтырмайтынын бәрі біледі. Мен дайынмын! Сондай-ақ оның титулдан бас тартқаны туралы жаңалықты көруге де әзірмін. Маған тек осы титул керек. Одан кейін Канеломен титулдарды біріктіруім қажет. Осы ғана", - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Скриншот: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Әлімханұлы - Шираз: WBO белбеуі үшін жекпе-жек
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмақтағы WBO белбеуіне міндетті үміткер атанғаны белгілі болған еді. Қазір бұл титул британдық Хамза Ширазға тиесілі.
Бұған дейін қос тарапқа келіссөз жүргізу үшін 20 күн берілген болатын, алайда тараптар ортақ мәмілеге келе алмағандықтан, ұйым промоутерлік сауда рәсіміне көшті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ring Magazine (@ringmagazine) жарияланымы


Хамза Шираздың мүддесін қорғайтын Queensberry Promotions промоутерлік компаниясы жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына ие болу үшін өткен бәсекеде жеңіске жетті.
Британдық тараптың ұсынған сомасы 1 миллион доллардан сәл асты (1 001 809 доллар – 448 миллион теңге), бұл Top Rank компаниясының (Әлімханұлының промоутері) 820 мың долларлық (367 миллион теңге) ұсынысынан асып түсті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WBO (@worldboxingorg) жариялаған жазба


Келіссөз қорытындысы бойынша, чемпион жүлде қорының 75 пайызын (шамамен 751 мың доллар), ал үміткер 25 пайызын (шамамен 250 мың доллар) иеленеді.
Жекпе-жекті өткізуге ұсынылған мерзімдер – 2026 жылдың 28 қарашасы немесе 5 желтоқсаны. Өткізілуі мүмкін орындар ретінде Лондон, Бирмингем (Англия) немесе Нью-Йорк (АҚШ) қалалары аталды.

‼️ Queensberry Хамза Шираз бен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жек бойынша WBO саудасында 1 миллион доллардан сәл асатын ұсыныспен жеңіске жетті‼️Кездесу орны Лондон немесе Нью-Йорк боладыTop Rank 820 000 доллар ұсынды.pic.twitter.com/zJr74aQr3G
— BOXING n BBQ (@BOXINGnBBQ) 2026 жылғы 16 қыркүйек

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus