Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

22 ай тергеу: Павлодардағы банк тонау туралы не белгілі және миллиардтар қайда кетті?

Павлодардағы банкті тонау ісіне қатысы бар Ресейдің үш азаматының қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Олар 7 қазанға дейін қамауда болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейліктер неге тергеу изоляторында қалды?
Иваново облыстық сотының материалдарына сәйкес, Ресей азаматтары ұйымдасқан топ құрамында үй-жайға немесе өзге де қоймаға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемде ұрлық жасады деп күдіктеліп жатыр. Олар 2025 жылдың қазан айынан бастап күзетпен ұсталуда.
Осы жылдың тамыз айында іске қатысушылардың қамау мерзімі кезекті рет ұзартылды. Алайда күдіктілер мен олардың адвокаттары апелляциялық сотқа жүгініп, тергеу изоляторындағы қамауды үйқамаққа ауыстыруды сұрады. Олар өз уәждері ретінде ұсталғанға дейін тергеушілердің бірінші талабы бойынша келіп тұрғандарын және жасырыну ниеттері жоқ екенін алға тартты.
Дегенмен сот оларды қамаудан босатуға негіз таппады.
30-дан астам сараптама және тергеу тобындағы 51 адам
РФ Иваново облыстық сотының сот кабинеті мәліметінше, қылмысқа дейін ұзақ дайындық пен жоспарлау жұмыстары жүргізілген. Ұйымдасқан топ мүшелері өзара рөлдерді бөлісіп, әрекеттерін үйлестірген және техникалық құралдарды пайдаланған.
Өте күрделі деп танылған іс бойынша 30-дан астам сараптама жүргізілді. Тергеу тобының құрамында 51 адам болды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды, іс материалдары күдіктілер мен олардың қорғаушыларына танысу үшін берілді.

"Қылмыстық іс аясында қамалғандар басқа мемлекеттің аумағында ұйымдасқан топпен жасалған, заңда тек ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған меншікке қарсы ауыр қылмыс жасады деп айыптаып отыр. Сот бұдан жеңілірек бұлтартпау шарасын қолдануға негіз таппады", – делінген Ресей Федерациясы Иваново сотының құжаттарында.

Иваново облыстық соты фигуранттарды тергеу изоляторында қалдырып, қамау мерзімін ұзартты.

"Күзетпен ұстау мерзімі 1 ай 27 тәулікке, жалпы 12 айға дейін, яғни 2026 жылдың 7 қазанын қоса алғандағы мерзімге ұзартылды", – делінген сот қаулысында.

Павлодарда банк қалай тоналды?
Банктегі ұрлық туралы қылмыстық істі тергеу 22 айдан бері жалғасып келеді.
Фото Tengrinews.kz
2024 жылдың 11 қарашасында Павлодарда белгісіз адамдар Halyk Bank филиалының қабырғасын тесіп, миллиард теңгеден астам қаражатты алып кеткен. Қылмыс болған банк бөлімшесі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан.
Сол кезде аса ірі көлемде ұрлық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстандық полицейлер алтын бұйымдар мен ақшаның ұрланғанын хабарлаған болатын.
2025 жылдың ақпанында Ресейлік БАҚ төрт адамның қамалғанын хабарлады. Кейінірек бес күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат шықты – олардың барлығы Ресей азаматтары болып шықты.
Жәбірленушілер туралы не белгілі?
2025 жылдың ақпанында Павлодар облысының полиция департаменті қазақстандық сот ұсталғандарды қамауға алуды санкциялағанын мәлімдеді. Тергеу үшін бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды.
Кейінірек іс халықаралық тәртіпке сәйкес қадағалау органы арқылы Ресейдің тергеу органдарына берілді. Қазақстандық полицейлер ресейлік әріптестеріне істі тергеуде көмек көрсетуді жалғастырды.
Осы жылдың қаңтарында Павлодар облыстық ПД бастығының бұрынғы орынбасары, қазіргі ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов журналистерге павлодарлық жедел уәкілдердің қылмысқа қатысушыларды іздестіру үшін Грузия мен Арменияға іссапармен барғанын хабарлаған еді.
Оның мәліметінше, жәбірленушілер саны 40-қа жуық, олардың басым бөлігі – Павлодар облысының тұрғындары.
Сонымен қатар, ұрланған ақша мен құндылықтардың нақты сомасы осы уақытқа дейін ресми түрде жарияланған жоқ. Бұған дейін қазақстандық полицейлер көптеген жәбірленушінің өздеріне келтірілген шығын көлемін жария еткісі келмегенін түсіндірді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Павлодар Онлайн | Pavlodar Online (@pavon.kz) жарияланымы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus