Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Нурмагомедов ұзақ үзілістен кейін ММА-ға оралады

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Абубакар Нурмагомедов ММА-ге оралып, PFL промоушенінің турнирінде жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
PFL баспасөз қызметі 14 қарашада Дубайда (БАӘ) өтетін турнирдің афишасын жариялады.
Сегізбұрышқа белгілі ресейлік аралас жекпе-жек шебері, UFC-дің бұрынғы файтері және аңызға айналған Хабиб Нурмагомедовтің ағасы Абубакар Нурмагомедов шығады.
Оның қарсыласы австралиялық файтер Дэвид Мартинес болмақ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Professional Fighters League (@pflmma) жарияланымы


Айта кетейік, 2026 жылғы 20 қыркүйекте Стамбулдағы (Түркия) "ORA Arena" стадионында Абубакар Нурмагомедов AIGA промоушені аясында Давид Завадамен еркін күрестен белдесу өткізеді деп жоспарланған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

AIGA GLOBAL (@aiga.global) жарияланымы


Хабибтің ағасы үш жылдан аса төбелескен жоқ36 жастағы ресейлік төрт жекпе-жектен кейін 2024 жылғы ақпанда UFC-ден кетті. Ол кейінгі рет октагонға 2023 жылғы 3 маусымда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC Fight Night турнирінде бразилиялық Элизеу Залески дус Сантосқа қарсы шықты.
Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды. Нурмагомедов күреске басымдық беріп, қарсыласын клинч пен партерде бақылауда ұстауға тырысқанымен, Залески сәтті қорғанып қана қоймай, тік тұрып төбелесуде нәтижелі болып, дәл соққыларды көбірек жұмсады.
Төрешілердің пікірі екіге жарылып, жеңіс бразилиялыққа берілді. Финалдық гонгтан кейін оқыс оқиға болды: Залески байқаусызда соққы жіберіп, Нурмагомедов оған шапалақпен жауап қайтарды, бірақ жанжал ушыға қойған жоқ.

#UFCVegas74 Ресми нәтиже: Элизеу Залески дус Сантос (@ElizeuCapoeira 29-28, 29-28) Абубакар Нурмагомедовты (29-28) төрешілердің бөлек шешімімен жеңдіТолық нәтижелер: https://t.co/MiEzSQuUu0- UFC News (@UFCNews) 4 маусым, 2023
Ислам Махачев Рахмоновтың салмағындағы келесі чемпионды атады: бұл Шавкат емесUFC чемпионы даулы жекпе-жектен кейін жарақатына байланысты титулдан бас тартты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus