Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Кофені күніне қанша мөлшерде ішсе, сүйекке зиян келмейді?

"Кофе ағзадағы кальцийді азайтып, сүйекті жұқартады" деген ақпарат тарап жүр. Сондықтан эспрессо не капучино ішкен сайын "зияны тиіп жүрмесе екен" деп алаңдайтындар да бар. Жуырда ғалымдар 53 ғылыми зерттеудің нәтижесін саралап, кофеиннің сүйекке шын мәнінде қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды Tengri Life.
Ғалымдар қандай қорытындыға келді?
Nutrients журналында жарияланған зерттеу кофеиннің сүйекке әсері оның қанша мөлшерде ішілетініне байланысты екенін көрсетті.
Ғалымдардың айтуынша, күніне 1-3 кесе кофе ішу сүйекке айтарлықтай зиян келтірмейді. Тіпті кей жағдайда пайдасы да болуы мүмкін. Өйткені кофедегі антиоксиданттар ағзадағы қабынуды азайтып, сүйек саулығына оң әсер етеді.
Ал кофе мөлшері көбейген сайын кері әсері байқала бастайды. Күніне 4-5 кеседен артық немесе 400 миллиграмнан көп кофеин ішу сүйек жасушаларының қалпына келуін баяулатып, сүйектің минералдық құрамын әлсіретуі және кальцийдің ағзадан көбірек шығарылуына әсер етуі мүмкін.
Кофені сүйекке зиян келтірмей ішудің 3 жолы
Кофеден бас тартудың қажеті жоқ. Тек мөлшерін біліп ішкен жөн:

Шамадан асырмаңыз: көпшілік ересек адам үшін күніне 2-3 кесе кофе ішу қауіпсіз мөлшер саналады.
Сүт қосып ішіңіз: кофе ағзадан кальцийдің өте аз мөлшерінің шығуына әсер етуі мүмкін. Бір-екі қасық сүт немесе кілегей осының орнын толтыруға көмектеседі.
Ас мәзіріңізге мән беріңіз: сүйекке кофеден гөрі кальций мен D дәруменінің жетіспеуі көбірек зиян. Күнделікті тағамда сүт өнімдері, ірімшік, күнжіт пен көк шөп жеткілікті болса, бірнеше кесе кофе сүйекке айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus