Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Атырау облысында әйел электр генераторының маңынан өлі табылды

Атырау облысында ауылдық медициналық пункт күзетшісінің өлімі тергеліп жатыр. 59 жастағы әйелге бекітілген аумақтағы шөпті шабу тапсырылған, алайда бірнеше сағаттан кейін оның мәйіті табылды. Ресми нұсқа бойынша, әйел миына қан құйылудан қайтыс болған. Бірақ марқұмның жақындары шындықтың бұдан әлдеқайда қорқынышты екеніне сенімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Афанасьев ауылында Клара Кенжеғалиеваның көз жұмғанына жеті күн болған. Қолына күрек ұстаған күйі тіл тартпай кеткен әйелді өз ұлы тауып алған.
Туыстарының айтуынша, марқұм күзетші болғанымен, бұл ғимараттың сыртқы тазалығына да жауапты болыпты. Қаза болардан бірер күн бұрын басшылық комиссия келетінін айтып, ауланы тазартуды тапсырған. Мәйітті тауып алған ұлы "анам қолындағы күрегімен бірге жатты" деп отыр. Оның айтуынша,жедел жәрдемдегілер әйелдің денесінен күйік ізін көрген.

- Жедел жәрдемдегілер фотоға түсіріп алды, "керек болады, тіркейміз" деп. Мына жерлерін көтеріп, білектерін, арқасын аударып қарады, фотоға түсірді.
- Денесінде күйік болды ма?
- Болды. Терісі сылынып кеткен, содан жарып шыққан гой, сол жерден қан тоқтамаған.

Мәйітханадағы дәрігерлер Кенжеғалиева миына қан құйылудан қайтыс болды деген қорытынды шығарған, алайда сюжетте бұл жақындарына күмәнді болып көрінгені айтылады.

"Осы тордың ішінде құлап жатқан, мына бала өзі келіп шығарған. Есігі кілттеулі, айналып келіп артынан кіріп, "мынаның шөбін шауып тазала" деген соң, өзіне сөз келмесін деп, барынша істей берейінші деген. Осындай жағдаймен апамыздан айырылдық. Осыдан кейін сараптамаға жібергенде, "миына қан құйылған" дейді. Мен бұл диогназбен келіспеймін. Арқасы неге күйіп кеткен?", - деді марқұмның ағасы Сәрсенбай Кенжеғалиев.

Шындықты анықтауға бейнебақылау камералары көмектесе алар еді, бірақ олар істен шыққан болып шықты. Ал медициналық пункт басшылығы күзетшіден қауіпті нысандардың маңындағы шөпті тазалауды ешкім сұрамағанын мәлімдеді.

"Кеше де естідім, сіздер сондай бұйрық берген екенсіздер деген. Бізден ондай бұйрық шыққан жоқ. Алайда айналаны таза ұстаңыздар, шөптен тазалаңыздар деген аудионы естідім. Сол жақтағы мейірбикенің айтуы бойынша, қандай тапсырма бердіңіздер, неге ол кісі арттағы шөпті шауып жатыр, неге генератор ішіне кіріп отыр, неге трансформатордың ішіне кірді дегенде, "ондай айтылған жоқ" дейді", - деп түсіндірді Құрманғазы аудандық ауруханасының директоры Саида Зұлқашева.

Қазір марқұмның отбасы шындыққа қол жеткізіп, кінәлілерді табуға тырысып жатыр. Олар прокуратураға жан-жақты әрі әділ тергеу жүргізуді талап етіп арызданды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus