Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңа көшбасшы: Рыбакинаның жеңісіне Соболенконың реакциясы видеоға түсіп қалды

Беларусь теннисшісі Арина Соболенко US Open турниріндегі жаттығуы кезінде назарын бөліп, қазақстандық Елена Рыбакинаның матчін көрді, деп хабарлайды Tengri Sport.
US Open турнирінде желіде тез тарап кеткен қызықты сәт болды. Арина Соболенко көрші корттағы жаттығуы кезінде тоқтап, Елена Рыбакина мен Чжэн Циньвэнь арасындағы ширек финалдық матчтің трансляциясын тамашалай бастады.Камералар беларусьтік спортшы кідіріп, қоршауға сүйенген күйі экрандағы бәсекенің соңғы сәттерін мұқият бақылап тұрғанын түсіріп алды.
Оның жүзінен жеңіл реніштен мысқыл аралас күлкіге дейінгі түрлі эмоция байқалды.
Финалдық доптан кейін Соболенко бірден жаттығуын жалғастырды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

espnW (@espnw) жарияланымы


Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Еске сала кетейік, Рыбакина үшін аса маңызды болған бұл матч тартысты өтіп, екі сағаттан астам уақытқа созылды. Ол бірінші сеттегі жеңіліспен басталды – бастапқыда теннисшілер 3 геймнен алғанымен, қорытындысында Қытай спортшысы сетті өз пайдасына шешіп, 1:0 (6:3) есебімен алға шықты.
Алайда екінші сетте Рыбакина бастаманы толығымен өз қолына алды. Ол ойын қарқынын күрт арттырып, доп беруде басымдық танытты және қарсыласының екі геймін тартып алып, небәрі 38 минутта Чжэнді 6:1 есебімен тас-талқан етті.
Шешуші партияда ойын қайта теңесті. Тоғызыншы геймге дейін екі теннисші де өз соққыларынан айырылған жоқ. Рыбакина қытайлық спортшының қос қателігінен кейін шешуші брейк жасап, артынша матчті сенімді түрде жеңіспен түйіндеп, есепті 6:4-ке жеткізді. Жалпы есеп – 3:6, 6:1, 6:4.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


Бұл нәтиже Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шығарып қана қоймай, оның WTA рейтингінде бірінші орынға ие болуын қамтамасыз етті. Осылайша, Соболенконың көш басындағы ұзақ үстемдігі (қатарынан 99 апта) ресми түрде аяқталды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


Арина Соболенко да US Open кестесі бойынша алға жылжып келеді. 11 қыркүйекте ол жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы, АҚШ өкілі Джессика Пегуламен кездеседі.
Ал Рыбакина турнир финалына жолдама алу үшін WTA рейтингінің төртінші сатысында тұрған америкалық Кори Гауффпен ойнайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

WTA (@wta) жарияланымы


“Қазақстан атынан шыққанымды мақтан тұтамын“ - әлемнің бірінші ракеткасы РыбакинаБұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтағаны хабарланған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus