Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанадағы Qyran тұрғын үй кешеніне қатысты алаяқтық: сот үкім шығарды

Астанада Qyran тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі алаяқтық ісі бойынша International Invest Company IIC ЖШС-нің төрт қызметкеріне үкім шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Схема қалай жұмыс істеген?
ҚМА елордалық департаментінің мәліметінше, сотталғандар сатып алушылармен сатып алу-сату шарттарының орнына брондау шарттарын, заңпұл келісімдерін және алдын ала шарттарды ресімдеген. Мұндай құжаттар мемлекеттік тіркеуге жатпайды және сатып алушыларға жылжымайтын мүлікке меншік құқығын бермейді.
Сату кеңсесінде әлеуетті сатып алушыларға компанияның жылжымайтын мүлік нысандарына құқығын растайтын макеттер, техникалық паспорттар, сенімхаттар мен анықтамалар көрсетілген.
Клиенттерге пәтерлер, тұрғын емес жайлар мен тұрақ орындары нарықтық бағадан төмен бағамен ұсынылған. Сонымен қатар оларды мәмілелердің толықтай заңды екеніне сендірген. Сатып алушылар қаражатты қолма-қол берген немесе схемаға қатысушылардың жеке шоттарына аударған. Бұл операциялар ЖШС-нің бухгалтерлік және банктік есебінде көрсетілмеген.
Бұдан бөлек, сотталғандар құрылыс салушы компанияның өз қаражатын жымқыруға бағытталған екінші алаяқтық схемасын жүзеге асырған.

"International Invest Company IIC ЖШС атынан әрекет ете отырып, олар клиенттермен жалған сатып алу-сату шарттарын жасасып, нысандарға меншік құқығын тіркеген, бірақ сатудан түскен қаражат компания кассасына түспеген", – деп хабарлады ҚМА.

Сот International Invest Company IIC ЖШС-нің төрт қызметкерін кінәлі деп танып, оларға 8 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Сондай-ақ сот 35 жәбірленушінің 2,2 миллиард теңгеден астам сомаға талап арызын қанағаттандырды, ал International Invest Company ЖШС пайдасына 3,9 миллиард теңге өндіру туралы қаулы шығарды.

"Жәбірленушілерге құны 1,3 миллиард теңге болатын 78 жылжымайтын мүлік нысаны, тағы 73 нысан адал сатып алушыларға берілді", – деп толықтырды агенттік.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus