Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қол жетпес деңгей“ - Рыбакинаның тарихи жеңісіне әлемдік БАҚ-тың реакциясы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің 1/4 финалындағы әсерлі камбэгінен кейін әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Әлемдік БАҚ қазақстандықтың жетістігіне тәнті болып жатыр, деп хабарлайды Tengri Sport.
9 қыркүйектен 10 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның үздік теннисшісі Қытай өкілі Циньвэнь Чжэнді үш сетте жеңіп, US Open жартылай финалына шықты. Бұл жеңіс оған ресми түрде беларусьтік Арина Соболенконы басып озып, алғаш рет WTA рейтингінің ең жоғарғы сатысына көтерілуге мүмкіндік берді.
WTA Рыбакинаның жеңісіне қалай жауап берді?
"Ұзақ әрі жүйелі жол" – Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) қазақстандық спортшының жетістігі туралы мақаласы осылай аталды. Онда Рыбакинаның кейінгі бір жылда қанша титул жеңіп алғаны сипатталған:

"2025 жылғы АҚШ ашық чемпионаты аяқталған сәттен бастап Рыбакина WTA деңгейіндегі матчтерде 62 жеңіске жетті, бұл барлық теннисшілер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Ол алты рет финалға шығып, бұл көрсеткіш бойынша Пегуламен теңесті және төрт рет титул иеленді, бұл кез келген басқа спортшыдан көп.НинбоЭр-Риядтағы WTA финалыАвстралия ашық чемпионатыШтутгарт.Кейінгі 52 апта ішінде ол үздік ондыққа кіретін 16 ойыншыны жеңді, бұл кез келген өзге теннисшіден алтыға көп. Оның алғашқы ондықтағы ойыншыларға қарсы 16-6 статистикасы 72,7% жеңісті құрайды. Тағы бірнеше цифр:1569 виннер: турдағы ең көп көрсеткіш.394 эйс: турдағы ең көп көрсеткіш.65,5% қайтарылған брейк-пойнттар: кемінде 10 матч өткізген ойыншылар арасындағы ең үздік нәтиже", - деп WTA Еленаның бірегей статистикасын атап өтті.

WTA мақаласында Рыбакинаның бұл жетістігінің Қазақстан үшін маңыздылығына ерекше екпін берілген.

"Сәрсенбі күні ойынын аяқтаған сәтте Рыбакина телефонын әлі тексере қоймаған еді. Алайда ол телефонды қолына алғанда не күтіп тұрғанын білді. Қазақстан өзінің алғашқы әлемдік бірінші ракеткасына ие болды және бұл хабарламалар үйіне барған сайын теннистің танымалдылығы артып жатқанын өз көзімен көрген елден келуі тиіс еді", - делінген мақалада.

"Қол жетпес", "Зор жетістік", "Теннис тарихына енді": БАҚ қазақстандыққа тәнті болды
Әлемнің жетекші БАҚ-тары осы түні қазақстандық теннисшінің бірегейлігі туралы жазды. Испаниялық Marca бір апта бұрын ғана Еленаның Цинциннатиде алған жарақатына байланысты оның жеңісіне көбі күмәнмен қарағанын еске салды.

"Рыбакина өзіне тән байсалдылығын сақтай отырып, қарсыласымен арадағы алшақтықты біртіндеп қысқартты. Биылғы маусымдағы төртінші Үлкен дулыға турниріне қатысуына кедергі бола жаздаған Цинциннатидегі өкше жарақатына қатысты күмән енді артта қалды. Еленаның 8681 ұпайы оны Соболенко, Джессика Пегула және Коко Гауфф үшін қол жетпес деңгейге шығарды. Бұл үштіктің де турнир кестесінің көшбасшысы ретінде Нью-Йорктен кетуге математикалық мүмкіндіктері болған еді", - деп жазды басылым.

Британдық The Guardian Рыбакинаның тіпті осындай зор жеңіс сәтіндегі таңқаларлық сабырлылығын атап өтті.

"Чжэннің оң жақтан бағыттаған соңғы әлсіз соққысы торға тигенде, Рыбакина мансабындағы бұл шешуші жеңісті өзіне тән ұстамды мәнерде, жүз құбылысын өзгертпестен, тек жұдырығын түйіп қана атап өтті.Бұл оның болашақ жұлдыз мәртебесін айқындайтын зор жетістік, бірақ осы аптаның басты мақсаты – АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы титулды жеңіп алу – әлі алда. Рейтингтегі бірінші орын үшін болған қысымды осындай шеберлікпен еңсергеннен кейін, оны жеңу тіпті қиындай түспек", - делінген жазбада.

Теннис туралы негізгі порталдардың бірі Punto de Break те мақтауын аямады.

"Қазақстандық теннисші теннис тарихына еніп үлгерді. Ол екі Үлкен дулыға турнирін жеңіп алып, онсыз да үздік спортшы атанған болатын, бірақ бұл оның жетістіктерін мүлдем жаңа деңгейге көтереді. АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шығу – мерекелеуге әбден лайықты себеп, алайда әлемдік теннис шыңына шығудың маңыздылығын жасыру мүмкін емес. Бүгін түстен кейін Рыбакина Циньвэнь Чжэнді тақтан тайдырудың формуласын тапты және бұл жеңіс соңғы кедергіні еңсерген сәт ретінде мәңгі есте қалады", - деп тұжырымдайды олар.

Скриншоттар
Рыбакина бұл жетістігін бұдан да әсерлі ете түсуі мүмкін
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина бұған дейін US Open турнирінде ширек финалға да жетіп көрмеген болатын. Енді ол шешуші матчқа бір қадам жерде тұр – жартылай финалда оған америкалық Коко Гауфф қарсы шығады.
Рыбакинаның еншісінде қазірдің өзінде екі Үлкен дулыға титулы бар – Уимблдон және Australian Open, айта кетерлігі, Мельбурндегі турнирді ол осы жылдың басында жеңіп алған еді.
АҚШ-тағы жеңіс оған әлемдік WTA рейтингіндегі орнын нығайтып, тағы бір маңызды кубокты иеленуге мүмкіндік береді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба


Бұған дейін Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен Қазақстан Президенті құттықтаған болатын болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus