Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

iPhone Duo немесе Ultra: желіде Apple смартфонының атауы мен бағасы белгілі болды

Apple кейінгі жылдардағы басты тосынсыйын дайындап жатыр. Бүгін, 9 қыркүйекте өтетін таныстырылымда компания өзінің алғашқы жиналмалы смартфонын көрсетеді. Bloomberg инсайдері Марк Гурман гаджеттің қандай болатыны және оның ресми дүкендердегі құны туралы тың мәліметтерді бөлісті, - деп хабарлайды Tengri Life тілшісі MacRumors мәліметіне сілтеме жасап.
Жиналмалы iPhone қалай аталады?Ұзақ уақыт бойы инсайдерлер жаңа өнімді iPhone Ultra немесе iPhone Fold деп атайды деп болжады - Гурманның өзі де бұл атауларды бірнеше рет тілге тиек еткен болатын.
Алайда соңғы есепте сарапшы Купертинодағылар неғұрлым ықшам нұсқаны - iPhone Duo атауын таңдағанын айтады.
Жады қанша болады?
Инсайдер мәліметінше, құрылғының базалық жады көлемі 256 гигабайт болады. Бұған дейінгі мәліметтерде 512 гигабайттық және 1 терабайттық нұсқалары туралы да айтылған еді.
Гурманның соңғы есебінде жоғарғы модификациялар нақты аталмаған, бірақ ең қымбат баға санатын дәл солар қалыптастыратын сияқты.Қандай түстерде шығады?
Алғашқы топтамада ашық әрі көз тартарлық түстерді күтпеген абзал. Инсайдердің айтуынша, iPhone Duo тек екі нұсқада шығады: ақ және қою көк (үйреншікті классикалық қараның орнына қанық индиго реңкі).

iPhone Duo-ның соңғы түстері ақ және қою көк болады делінуде.Сізге бұл жаңа нұсқалар ұнай ма? pic.twitter.com/aWfbfSH8ep- AppleTrack (@appltrack) 9 қыркүйек, 2026 жыл
Желіде құрылғының алғашқы концепттері пайда болды. Инсайдерлер бұл смартфон Apple тарихындағы фирмалық Apple Pencil стилусын қолдайтын алғашқы модель болады деп болжап отыр.

Мәліметтерге қарағанда, Apple-дің iPhone Duo жиналмалы смартфоны Apple Pencil-мен жұмыс істейтін болады.Бұл оны стилусты қолдайтын алғашқы iPhone етеді. pic.twitter.com/Chmgb6ArBJ- AppleTrack (@appltrack) 9 қыркүйек, 2026 жылҚұны қанша болады?
Алғашқы жиналмалы iPhone-ды арзан деуге келмейді. TrendForce сарапшылары баға 2000–2500 доллар аралығында болады деп болжаса, Марк Гурман Apple-дің нақты бағаларын жариялады:

256 гигабайттық базалық нұсқасы - 2000 доллардан бастап (шамамен 960 мың теңге);2 терабайттық ең жоғарғы нұсқасы - шамамен 3000 доллар (шамамен 1,4 миллион теңге!).

Сатылымға қашан шығады?
Жиналмалы смартфонды классикалық флагмандармен бір күнде сатып алу мүмкін болмайды.iPhone 18 Pro топтамасының модельдері анонстан кейін бірден дүкен сөрелеріне түссе, iPhone Duo, Гурманның ақпараты бойынша, сатылымға қазаннан ерте шықпайды.
Еске салайық, таныстырылым бірнеше сағаттан кейін басталады. Ресми мәліметтер бойынша, іс-шара 9 қыркүйекте Астана уақытымен 22:00-де өтеді. Таныстырылымда iPhone 18 топтамасы көрсетілетіні, оның құрамында жиналмалы нұсқаны қосқанда бар болғаны үш модель болады деп күтіледі.
Тағы оқыңыз: Apple бірнеше жаңа өнім дайындап жатыр: таныстырылым туралы не белгілі?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus