Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астана көші-қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК пікір білдірді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қалалық көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Астана Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы бастығы Ербол Махметовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Оның Астана қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты қозғалған қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін екені хабарланды. Бұған дейін Мақаеваның ұсталғаны және оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.
Бұл ретте ҰҚК Махметовтің ұсталуы мен Мақаеваға қатысты қылмыстық істің өзара байланысы бар-жоғын әзірге нақтыламады.
ҰҚК баспасөз қызметі Ербол Махметовтің ұсталуына қатысты сауалға берген жауабында қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Астанада көші-қон қызметі басшысының орынбасары Әлия Мақаева ұсталды
Еске сала кетейік, тамыз басында Астана ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Әлия Мақаева қылмыстық іс бойынша ұсталған болатын. Сол кезде желіде оның заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ тергеудің шетелдік азаматтарға тұруға ықтиярхатты заңсыз ресімдеумен байланысты болуы мүмкін екені айтылды.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Tengrinews.kz редакциясының сауалына берген жауабында ведомствоның өз қатарында заңдылық пен қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде жүйелі жұмыс жүргізетіні айтылған болатын.

"Басым бағыттардың бірі - құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ заң бұзушылыққа жол берген қызметкерлерден қатарды тазарту. Әрбір анықталған факті бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шаралар қабылданады. Бұл жұмыс уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылады және заңдылықты қамтамасыз етуге, қызметтік тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған", - делінген ІІМ-нің ресми жауабында.

Сондай-ақ ведомство Мақаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді ұлттық қауіпсіздік органдары ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп жүргізіп жатқанын атап өтті.
Қазақстан Конституциясының 77-бабына сәйкес, адамның кінәлілігі заңды күшіне енген сот үкімімен дәлелденгенше, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus