Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қыста көлік терезесін тазартқышқа қалай күтім жасау керек: сарапшы түсіндірді

Қыс мезгілінде көліктің терезе тазартқышы қар, мұз, реагенттер мен температураның құбылуына ұшырайды. Соның салдарынан резеңкесі әйнекке жабысып, қатып қалады, қатайып кетеді және алдыңғы әйнекті нашар тазалауы мүмкін.
Tengri Auto сарапшы Анатолий Русевтен қыста тазартқыштар неге қатып қалатынын, суық мезгілге қандай щетка қолайлы екенін және олар мұз құрсауында қалған жағдайда не істеу керектігін білді.
Қыста тазартқыштар неге алдыңғы әйнекке жабысып қалады?
Негізгі себеп - ылғал. Әйнекте су, қар немесе жабысқақ қар қалады, ал ауа температурасы төмендегенде мұның бәрі қатып, резеңкені әйнекке жабыстырып тастайды.
Бұл мәселе әсіресе сапардан кейін, ылғал көлік далада қалып, біртіндеп суығанда жиі туындайды. Сондай-ақ қалың қар, көктайғақ және температураның күрт өзгеруі жағдайды қиындата түседі.

"Тазартқыштардың қатып қалуының басты себебі - ылғал. Егер сапардан соң әйнек су күйінде қалса, минус температурада су қатып, резеңкені беткі қабатқа бекітіп тастайды", - деп түсіндірді Анатолий Русев.

Фото: depositphotos.com
Қыста қандай тазартқыштарды қолданған дұрыс?
Сарапшының айтуынша, барлық көлік мен пайдалану жағдайларына бірдей келетін әмбебап нұсқа жоқ.
Каркасты тазартқыштар қалыпты жағдайда жақсы жұмыс істейді, бірақ қыста олардың топсаларына қар мен мұз толып қалуы мүмкін. Каркассыз щеткалар жабық конструкциясының арқасында аз мұзданады және әдетте суық мезгілге көбірек сәйкес келеді.
Сонымен қатар арнайы қысқы тазартқыштар болады. Олардың каркасы мен механизмі қар мен мұздың ішке кіруіне жол бермейтін қорғаныс қабымен қапталған. Қыстағы аяз кезінде мұндай щеткалар тиімді таңдау болуы мүмкін.
Бұл ретте тазартқыштың құрылымы ғана емес, резеңкесінің сапасы да маңызды. Ескірген немесе қатайып кеткен резеңке щетканың түріне қарамастан нашар жұмыс істейді.
Фото: depositphotos.com
Қатып қалған тазартқыштарға не істеуге болмайды?
Ең көп тараған қателік - әйнекке жабысып тұрған тазартқыштарды қозғалтқышты іске қосқан бойда бірден қосу.
Мұндай жағдайда щетка қозғалмай тұрса да, электр моторы механизмді айналдыруға тырысады. Бұл трапецияға, жетекке немесе сақтандырғышқа шамадан тыс жүк түсіріп, істен шығаруы мүмкін.
Сондай-ақ тазартқышты әйнектен күшпен жұлып алуға болмайды. Қатты қатып қалған жағдайда резеңкені зақымдап немесе жыртып алуыңыз мүмкін, ал егер әйнекте қалың мұз қабаты болса, оны сызып алу қаупі бар.

"Егер тазартқыш қатып қалса, оны күшпен ажыратудың немесе бірден қосудың қажеті жоқ. Алдымен мұзды ерітіп алып, содан кейін ғана әйнек тазартқыштарды қолдану керек", - деп атап өтті сарапшы.

Тазартқыштарды мұздан қалай дұрыс тазарту керек?
Ең алдымен алдыңғы әйнекті қардан тазарту қажет.
Бұдан кейін әйнекті үрлеу режимін қосып, оның біртіндеп жылынуына мүмкіндік беру керек. Егер мұз қатты болса, әйнекке арналған арнайы мұз еріткішті қолдануға болады.
Мұз ери бастағанда, тазартқышты қолмен абайлап босатуға болады. Мұны кілт қимылсыз істеу керек.
Бұл ретте щетка мұзға берік жабысып тұрғанда, оны әйнектен жұлып алуға тырыспаңыз. Алдымен жанасу жеріндегі мұзды еріту қажет.
Қатпайтын сұйықтықты қолдануға бола ма?
Қысқы әйнек жуғыш сұйықтық та жеңіл мұздану кезінде көмектесе алады. Оны мұз пайда болған жерге тікелей құю керек.
Алайда сұйықтықты тазартқыш механизмінің ішіне құюдың қажеті жоқ.
Қатты мұз басу кезінде әйнекке арналған арнайы еріткіштерді қолданған жөн. Құралды жаққаннан кейін мұзды қырғышпен немесе щеткамен тазалап, содан кейін ғана тазартқыштарды қосу керек.
Тазартқыштарды түнде көтеріп қою керек пе?
Кейде қатты аяз алдында тазартқыштарды көтеріп қоюдың пайдасы бар. Бірақ сарапшы оларды үнемі мұндай қалыпта қалдыруға кеңес бермейді.
Кейбір көліктерде бұл ұстағыш серіппелеріне қосымша салмақ түсіруі мүмкін. Сонымен қатар қатты жел кезінде көтерілген щетка әйнекке соғылып, оны зақымдауы ықтимал.
Егер көлік тазартқыштарды қалыпты сервистік режимге ауыстыруға мүмкіндік берсе, соны қолданған дұрыс. Басқа жағдайларда, қозғалысты бастамас бұрын әйнекті мұқият тазалау және қатып қалған щеткаларды қоспау маңыздырақ.
Фото: depositphotos.com
Қалай тазартқыштардың қатып қалуының алдын алуға болады?
Профилактиканың ең қарапайым жолы - түнде әйнекті су немесе кір күйінде қалдырмау.
Көлікті тұраққа қоймас бұрын алдыңғы әйнектегі қар мен суды кетірген жөн. Егер қатты аяз немесе көктайғақ болжанса, әйнекке арналған арнайы жапқышты немесе қаптаманы пайдалануға болады.
Сондай-ақ резеңкенің күйін бақылап отыру қажет. Ескірген және қатайған резеңкеге мұз тез қатады және ол әйнекті нашар тазалайды.
Көлікті өшірмес бұрын, әйнек тазартқыштардың өшірулі күйде екеніне көз жеткізген жөн.
Пакет пен қорғаныс жабыны көмектесе ме?
Қап пен қорғаныс жабынын қосымша алдын алу шарасы ретінде қолдануға болады. Алдыңғы шыныға арналған арнайы жапсырма оны және щетканы қар мен мұздан қорғайды.
Тікелей әйнек тазартқышқа кигізілген пакет те көмектесуі мүмкін, бірақ бұл көбіне тұрмыстық әдіс. Оны қолданған кезде полиэтиленнің механизмге түсіп кетпеуін және қозғалыс басталғанда қиындық тудырмауын қадағалау маңызды.
Әйнекке арналған қорғаныс жабыны беткі қабаттағы су мен ластың жиналуын азайтуы мүмкін, алайда олар әйнек тазартқыштарды қатып қалудан толық қорғай алмайды.
Әйнек тазартқыштарды немен өңдеуге болмайды?
Сарапшы қозғалтқыш майымен, литолмен және басқа да майлы қоспалармен тәжірибе жасауға кеңес бермейді. Олар әйнекте жұқа қабат қалдырып, резеңкені ластауы және тазарту сапасын нашарлатуы мүмкін.
Сондай-ақ өндірушінің ұсынысынсыз силиконды құралдарды резеңке жиегіне тікелей жағуға болмайды. Олар уақытша тайғақ қабат түзуі мүмкін, бірақ резеңкенің тозуы немесе зақымдануы мәселесін шешпейді.
Әйнекті қайнаған немесе ыстық сумен еріту әрекеттерінен мүлдем бас тартқан жөн. Температураның күрт өзгеруіне байланысты әйнек термиялық соққы алып, шытынап кетуі мүмкін.

"Мұзды еріту үшін ыстық суды, қозғалтқыш майын немесе басқа майлы қоспаларды қолданбаған жөн. Мұндай әдістер негізгі мәселені шешудің орнына қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін. Ал аязда ыстық судан алдыңғы терезе жарылып кетуі ықтимал", - деп атап өтті Анатолий Русев.

Қыста резеңкені таза сумен ара-тұра жуып, ондағы кір мен реагентті кетіріп отыру қажет. Терезе тазартқыштарды қосар алдында олардың әйнекке қатып қалмағанына көз жеткізу керек.
Фото: depositphotos.com
Әйнекті тазартқаннан кейін жолақ пен тазаланбаған жердің қалуы, щетканың беткі қабатта секіруі, сондай-ақ резеңкенің қатайып, шытынауы немесе деформациялануы ауыстыруға себеп болуы тиіс.

"Егер әйнекте тазартқыштан жолақтар қалса, кейбір жерлерді тазаламаса немесе резеңке қатайып, шытынап, деформацияланса, оны ауыстырған дұрыс. Ескі резеңкені түрлі құралмен қалпына келтірудің мәні жоқ", - деп түсіндірді сарапшы.

Осылайша, қыста қатып қалған тезере тазартқыштармен күрескеннен көрі, оған жол бермеу маңызды. Көлікті тұраққа қояр алдында әйнекті тазарту, резеңкенің жарамдылығы және дұрыс еріту әдістері көру мүмкіндігін сақтауға және шыны тазартқыш механизмінің зақымдануын болдырмауға көмектеседі.
Тағы оқыңыз: Жазғы саяхаттан кейін көліктің қай жерін тексеру керек: сарапшы кеңесі
Көлікке қысқы шинаны қалай дұрыс таңдау керек?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus