Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Медальдық есептегі жанжал: Көшпенділер ойындарының ұйымдастырушылары мәлімдеме жасады

Қазақстан мен Қырғызстанда жексенбі, 6 қыркүйекте аяқталған VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы екі түрлі есептелді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Бұған дейін Қазақстанның Спорт министрлігі Қазақстан құрамасы турнирдің медальдық есебінде көш бастағанын мәлімдеген болатын: 74 медаль - 32 алтын, 20 күміс және 22 қола. Екінші орынға Қырғызстан командасы тұрақтады: 30 алтын, 35 күміс, 19 қола - барлығы 84 медаль.
Алайда қырғыз тарапының есебі басқаша болды. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми аккаунтында жарияланған кестеде Қырғызстан 30 алтынмен бірінші орында, ал Қазақстан 29 алтынмен екінші орында көрсетілген.

БАҚ-тағы сұрақтар мен жарияланымдардан кейін дау туындады. Ойындардың Instagram-дағы аккаунтындағы жазба алдымен өшіріліп, кейін қайта шығарылды, ал кейінірек тағы да жойылды. Сондай-ақ жарыстың ресми сайтынан да медальдар кестесі жоғалып кетті.

Жағдайды Ойындардың ұйымдастырушылары былай деп түсіндірді: "VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының түпкілікті медальдық есебі Ойындар хатшылығынан қорытынды ақпарат түскеннен кейін жарияланады. Ресми расталғанға дейін жиынтық кесте жарияланбайды. Спорт түрлері бойынша жарыс нәтижелері мен марапаттар тиісті бөлімдерде қолжетімді".

Сонымен қатар Қырғызстанның Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігі де мәлімдеме жасады.

"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының тұжырымдамасына сәйкес, елдер арасында ресми медальдық және жалпыкомандалық есеп жүргізілмейді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары - бұл ең алдымен этноспорт пен дәстүрлі спорт түрлерін сақтау, дамыту және танымал етуге, халықтар арасындағы мәдени байланыстар мен достықты нығайтуға арналған халықаралық алаң.
Ойындардың тұжырымдамасы мемлекеттердің жалпы рейтингтегі орын үшін бәсекелестігіне емес, елдердің ортақ тарихи-мәдени мұра төңірегінде бірігуіне негізделген", - делінген мәлімдемеде.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 2026 жылдың 31 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында өтті. Жарыстарда 100-ден астам елден келген спортшылардың қатысуымен дәстүрлі спорт түрлері ұсынылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus