Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта бойы алаңға шықпайды

Қазақстан құрамасы мен Англияның "Бернли" вингері Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта бойы алаңға шықпайды, -деп хабарлайды Tengri Sport Burnley Express-ке сілтеме жасап.
Сенбі күні өткен чемпионаттың 5-турындағы "Бристоль Ситиге" қарсы матчтен кейін "Бёрнлидің" бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшының қашан қатарға қосылатынын айтты.
Еске салайық, 4-турда "Мидлсброға" қарсы кездесуде Сәтбаев 81 минут ойнап, алаңнан көрермендердің қошеметімен шыққан кезде сол аяғын ұстап кеткен еді.

"Иә, өкінішке қарай, ол бірнеше апта бойы алаңға шықпайды. Бұл — соның бір белгісі. Бұған дейін айтқанымдай, ол маусым алдындағы дайындықтан өтті, бірақ толық емес. Біз ойыншыларды алға жетелеуге тырысамыз, сонымен қатар, оларды қорғауымыз керек. Ең бастысы — осы екеуінің арасындағы дұрыс тепе-теңдікті табу", - деді бас бапкер.


Nicky Hayen reveals Dastan Satpayev is facing “weeks” on the sidelines.When it rains, it pours.#twitterclaretshttps://t.co/loBwJBFOBL
— Matt Scrafton (@matt_scrafton) 2026 жылғы 6 қыркүйек
Осылайша, ойыншы "Бернлидің" алдағы матчтеріне қатыспауы әбден мүмкін. Клуб осы айда тағы 3 кездесу өткізеді: "Рэскем" (8 қыркүйек), "Суонси" (12 қыркүйек) және "Дерби Каунтиге" (19 қыркүйек) қарсы, содан кейін Ұлттар лигасының басталуына байланысты чемпионатта халықаралық үзіліс болады.
Еске салайық, тамызда Дастан Сәтбаев УЕФА Ұлттар лигасы матчтеріне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізіміне енген болатын.
Нидерландылық маман Джон ван ’т Шкиптің бастауымен Қазақстан құрамасы алғашқы матчін 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарына қарсы өткізеді. 29 қыркүйекте Словакиямен қонақта кездессе, 2 қазанда Молдованы өз алаңында қабылдайды, ал 6 қазанда тағы да Фарер аралдарымен, бірақ бұл жолы өз жерінде ойнайды.
Бұл матчтерге қатысатын түпкілікті құрам келесі аптада жарияланады және "Бернли" футболшысының оған ілігер-ілікпесі әзірге белгісіз.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Дастан Сәтбаев - Қазақстан құрамасының жарық жұлдызы
Дастан Сәтбаев - ұлттық құрамадағы ең дарынды жас ойыншылардың бірі. 2025 жылғы наурызда 16 жас, 7 ай және 10 күн толғанда ол Кюрасаомен болған жолдастық кездесуде құрама сапында дебют жасап, команда тарихындағы ең жас футболшы атанды. Бірнеше күннен кейін шабуылшы Уэльске қарсы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде алаңға шығып, тағы бір рекорд орнатты - Қазақстан құрамасы үшін іріктеу ойындарына қатысқан ең жас ойыншы болды.
Сол жылғы қарашада Сәтбаев еліміздің бас командасы үшін алғашқы голын соқты. Бельгиямен өткен үй матчінің тоғызыншы минутында есеп ашқан болатын, кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Осы голдың арқасында 17 жастағы шабуылшы ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы атанды.
2026 жылдың күзіне қарай Сәтбаев команда сапында сегіз матч өткізіп, бір голмен көзге түсті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus