Непалдағы тасқыннан кейін тоғыз күн бойы жер астында қалған екі адам тірі табылды
Іздеу жұмысына қатысқан жергілікті депутаттың айтуынша, құтқарылғандардың бірі - Санджай Сах, екіншісі - Кабир Махарджан. Олардың бірі механиктер бригадасын басқарса, екіншісі механикалық жабдықтарға жауапты болған.
Екі азамат та тікұшақпен ел астанасы Катмандуға жеткізілді. Олар сол жерде ем қабылдайды.
Kathmandu Post
Депутаттың айтуынша, Непал армиясы мен қарулы полицияға "Тришули" су электр станциясының туннелінде әлі де адамдар бар екені туралы ақпарат түскен. Қазір оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұған дейін Непалда құтқарушылар Расува ауданында тасқыннан кейін үйінді астында үш тәулік жатқан алты жасар қызды тірі тапқан еді.
Жойқын тасқын 26 тамызда таңертең Непалдың солтүстік аудандарында болды. Қытай жағынан келген қатты су ағыны Бхотекоши мен Тришули өзендеріне құйылып, жүздеген адамды шайып кеткен. Табиғи апаттан үйлер, жолдар мен көпірлер қирады. Тасқын мұздықтың опырылуы мен соның салдарынан болған көшкіннен кейін туындаған.
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1342 адамға жетті. Тағы 4886 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Олардың арасында Қазақстанның үш азаматы бар.