Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Елде “мини-ковид“ өршігені рас па: қазақстандықтар немен ауырып жатыр?

Кейінгі күндері қазақстандықтар, өздерінің пайымдауынша, COVID-19-ға ұқсайтын ауруды әлеуметтік желілерде талқылап жатыр. Тұрғындар қатты әлсіздікке, дененің сырқырауына, мұрынның бітелуіне, тамақ ауруына, жөтелге, сондай-ақ иіс пен дәм сезудің жоғалуына шағымданады. Кейбіреулер бірнеше апта бойы ауырып жатқанын және антибиотиктердің әсері сезілмейтінін айтады. Әлеуметтік желілерде бұл дертті "мини-ковид" деп атап кеткен.
Қазақстанда расында жаңа вирус пайда болды ма, әлде COVID-19 қайтып келді ме, не болмаса бұл маусымдық респираторлық инфекция ма – бұл сұрақтардың жауабын Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
"COVID сияқты": қазақстандықтар ауру белгілерін атады
Талқылаулар ауруы ұзаққа созылған адамдардың оқиғаларынан басталды.

"Бұл сұмдық вируспен кім ауырып шықты? Мен 15 күндей үйде жаттым, антибиотик та салдырдым. Тура COVID сияқты сезіледі: тәбет жоқ, дәм сезбейсің, қатты әлсіздік, бүкіл денең сырқырап, сүйектерің ауырады. Жақында ауырғандар бар ма, сіздерде қалай өтті? Елде "мини-ковид" айналымда жүр дейді ғой", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Тағы бір қазақстандық осыған ұқсас жағдайды сипаттады: алдымен мұрыннан су ағып, түшкіру басталған, кейін мұрын бітеліп, бұлшықеттері мен басы ауырған. Оның айтуынша, жағдайы біртіндеп жақсарғанымен, мұрынның бітелуі ұзақ уақыт сақталған.
Тағы бір қолданушы 20 күннен бері ауырып жүргенін айтты.

"Белгілері COVID сияқты: құрғақ жөтел, мұрын бітелу, тамақ ауруы, дененің сырқырауы және иіс сезбеу. Антибиотик салдырдым - көмектеспеді, әлі күнге дейін жөтел кетпей жатыр", - деп жазды ол.

Басқа бір хабарламада жеті күн бойы тамақ ауырып, жөтел мен қалтырау болғаны, сондай-ақ иіс пен дәм сезу жоғалғаны айтылған.

"COVID-қа ұқсайды", - деп есептейді жазба авторы.

Қазір қандай вирустар басым?
Біз пікір білу үшін хабарласқан жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог Айнагүл Қуатбаева Қазақстанда ЖРВИ-ге жыл бойы бақылау жүргізілетінін айтты.
Халықтың сырқаттанушылық деректері апта сайын зертханалық зерттеулер нәтижесімен салыстырылып отырады. Бұл ауырғандар санының немесе ауруханаға жатқызылғандардың қалыптан тыс өсуін дер кезінде байқау үшін қажет, дейді спикер.

"Бұл жағымсыз салдарды азайту, инфекцияның таралуын болдырмау және халықтың денсаулығын қорғау үшін уақтылы шаралар қабылдауға көмектеседі".

Эпидемиологтың айтуынша, әзірге зертханалық деректер елде қандай да бір ерекше жаңа респираторлық вирус пайда болғанын растамайды.

"Қазіргі көрініс жаңа инфекцияның пайда болуына емес, белгілі респираторлық вирустардың әдеттегі маусымдық және бірлескен айналымына көбірек сәйкес келеді", - дейді сарапшы.

Айнагүл Қуатбаева респираторлық вирустар адамдар арасында үнемі айналып жүретінін және бір уақытта таралуы мүмкін екенін атап өтті. Жазда және маусымаралық кезеңде де риновирустар, аденовирустар, парагрипп вирустары, РС-вирусы, маусымдық коронавирустар және басқа да қоздырғыштар кездеседі.

"Зертханалық зерттеулердің аз ғана бөлігіне сүйеніп, қандай да бір вирустың белсенділігі артты немесе өзгерді деп қорытынды жасамау маңызды. Жағдайды бағалау үшін біз сырқаттанушылықты, медициналық көмекке жүгінуді, ауруханаға жатқызуды, топтық жағдайларды және зертханалық мониторинг нәтижелерін бір мезгілде ескереміз", - деп түсіндірді спикер.

Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, 2026 жылдың 1-28 тамызы аралығында мамандар респираторлық инфекция белгілері бар пациенттерден алынған 164 үлгіні зерттеген. 41 үлгіде (жағдайлардың 25 пайызында) респираторлық вирустар анықталды.
Оң нәтиже көрсеткен үлгілер ішінде мыналар анықталды:

риновирус - 41,5 пайыз;
аденовирус - 24,4 пайыз;
парагрипп вирустары - 14,6 пайыз;
РС-вирус - 7,3 пайыз;
маусымдық коронавирустар - 7,3 пайыз;
бокавирус - 4,9 пайыз.

Бұл кезеңде зерттелген үлгілерден тұмау вирусы анықталған жоқ.
COVID-19 ешқайда кеткен жоқ
Бұл ретте Қазақстанның әртүрлі өңірінде COVID-19-дың жекелеген жағдайлары зертханалық түрде расталып жатыр.
Дәрігердің айтуынша, SARS-CoV-2 (COVID-19 ауруын тудыратын вирустың атауы) басқа респираторлық вирустармен бірге айналымда жүр. Оның белсенділігі, ЖРВИ-дің басқа қоздырғыштары сияқты, маусымға байланысты өзгеріп отырады.

"Кез келген вирус сияқты, SARS-CoV-2 уақыт өте келе сыртқы орта жағдайларына бейімделеді және оның белсенділігі өткерген инфекциялар мен вакцинациядан кейінгі ұжымдық иммунитетке де байланысты болуы мүмкін. Сыртқы ортаға бейімделу кезінде оның жаңа нұсқалары да пайда болуы ықтимал. Бұл табиғи процесс және өздігінен "жаңа COVID" немесе неғұрлым қауіпті инфекцияның пайда болғанын білдірмейді", - деп түсіндірді дәрігер-эпидемиолог.

Оның айтуынша, қолда бар халықаралық деректерге сәйкес, қазіргі уақытта айналымдағы SARS-CoV-2 нұсқаларының неғұрлым ауыр сырқат тудыратыны немесе алдыңғы нұсқалармен салыстырғанда халық үшін үлкен қауіп төндіретіні туралы расталған ақпарат жоқ.
Дегенмен, ДДСҰ олардың кейбіреулерін бақылауды жалғастырып жатыр, себебі бұл нұсқалар тезірек таралуы немесе бұрын қалыптасқан иммунитетті айналып өтуге бейім болуы мүмкін.

"Бірақ бұл олардың қауіптірек болғанын білдірмейді, сондықтан қазір жаңа немесе "қатты мутацияға ұшыраған" коронавирустың пайда болуы туралы айтуға негіз жоқ", - деп атап өтті сарапшы.

Неге адам қатарынан бірнеше рет ауыруы мүмкін және тәуекел тобында кімдер бар?
Айнагүл Қуатбаеваның түсіндіруі бойынша, қазіргі жағдайдың ерекше көрінуінің тағы бір себебі - адамның қысқа уақыт ішінде бірнеше респираторлық инфекциямен ауырып қалу мүмкіндігі.

"ЖРВИ-ді көптеген әртүрлі вирус қоздырады. Егер адам риновируспен ауырса, бұл оны аденовирустан, РС-вирустан, тұмаудан немесе SARS-CoV-2-ден қорғамайды. Сондықтан бір инфекциядан айыққаннан кейін, біраз уақыттан соң басқасын жұқтыру әбден мүмкін".

Коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары да болуы мүмкін. Маманның айтуынша, иммундық қорғаныс уақыт өте келе өзгереді, ал вирустың өзі эволюциялануын жалғастырады.
Әсіресе, адамдармен жиі араласқан кезде - мысалы, отбасында, мектепте, қоғамдық көлікте, саяхат кезінде және бұқаралық іс-шараларда инфекция жұқтыру қаупі жоғары.
Сонымен қатар маман мұрынның бітелуі, мұрыннан су ағу, тамақтың ауыруы немесе жыбырлауы, жөтел, әлсіздік және бастың ауыруы көптеген респираторлық вирустық инфекцияға тән екенін айтты. Сондықтан тек ауру белгілеріне қарап нақты қоздырғышты анықтау мүмкін емес.
Мұндай инфекциялар балаларда, әсіресе нәрестелерде, жүкті әйелдерде, қарттарда, созылмалы аурулары бар және иммунитеті әлсіреген пациенттерде өте ауыр өтуі мүмкін.
Қорытындылай келе, Айнагүл Қуатбаева теориялық тұрғыдан жаңа қоздырғыштың пайда болуын толықтай жоққа шығаруға болмайтынын айтты. Егер мамандар аурудың әдеттен тыс артуын, топтық жағдайлардың көбеюін, аурудың неғұрлым ауыр өтуін немесе белгілі инфекциялармен түсіндіруге келмейтін ауруханаға жатқызу құрылымындағы өзгерістерді байқаса, жағдай егжей-тегжейлі зерттеле бастайды. Мұндай жағдайда қосымша эпидемиологиялық және зертханалық зерттеулер жүргізіледі.
Еске сала кетейік, 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда алдын алу екпесі ұсынылған азаматтар үшін тұмауға қарсы вакцинация басталады. Оны кімдер тегін ала алатыны туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда оқушылардың медициналық тексерісі өзгертілмек: не тексеріледі?
Әлемде екпе салдырудан бас тартқандар қалай жазаланады және Қазақстандағы жағдай қандай?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus