Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ұлыбританиялық БАҚ Дастан Сәтпаевты “Челси“ құрамына қосты

Ағылшынның The Sun порталы қазір жалға берілген "Челси" ойыншыларынан құрама жасақтады. Басылымның пайымдауынша, қазақстандық вингер Дастан Сәтпаев негізгі құрамда ойнар еді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Мақала лондондық клубтың трансферлік саясатына арналған, оның бір тармағы - өте көп ойыншыны жалға беру. БАҚ өкілдері "Челсидің" жалға берілген 19 ойыншысын санап шықты, олардан қосалқы құрамы бар, бәсекеге қабілетті команда жинауға болады.

"Шын мәнінде, қазір "Челсидің" жалға берілген ойыншыларының көптігі сондай, олардан кем дегенде Чемпионшипте бақ сынай алатын айтарлықтай мықты құрам жасақтауға болады", - деп жазады басылым.

Мақала авторларының пікірінше, қазіргі уақытта "Бернлиде" ойнап жүрген Қазақстан құрамасының 18 жастағы вингері Дастан Сәтпаев "Челси" құрамында бастапқы минуттан шығар еді.

????✨Жалға берілген ойыншылардан құралған "Челси" құрамы.Қосалқы құрам: Caleb WileyJorgensen Landon EmeneloGenesis Antwi Honest Ahanor Kiano DyerMax MerrickOllie Harrison[ @SunChelsea | @Ayanokoji_CFC ] #CFC pic.twitter.com/OwO3RPl2gh
- Chels4life???? (@Ayanokoji_CFC) 2026 жылғы 3 қыркүйек
Айта кетейік, бұл жағдайда қосалқы құрамда Аргентина құрамасының жұлдызы Алехандро Гарначо немесе қақпашы Филип Йоргенсен қалып қояр еді.
Дастан Сәтпаев: Англиядағы жолы
Еске сала кетейік, қазақстандық Дастан Сәтпаев "Челсиге" маусымның ортасында "Қайраттан" ауысып барған болатын. Ол лондондықтар сапында бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, алғашқы голын да соғып үлгерді.
Алайда клуб басшылығы бапкерлер штабымен бірлесіп, вингерді Чемпионшиптегі "Бернли" клубына жалға беру туралы шешім қабылдады. Дастан бапкердің сеніміне тез ие болып, команданың кейінгі үш матчінде негізгі құрамда алаңға шықты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы


Қазақстандық футболшы әзірге гол соғып немесе нәтижелі пас беріп үлгермесе де, жанкүйерлер оның ойынына тәнті, ал лига оны "Мидлсбромен" болған кейінгі ойында алаңдағы үздік ойыншы деп таныды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы


"Челсиге" келер болсақ, лондондықтар маусымды чемпионатта екі жеңіспен, кубокта бір жеңіспен бастады. 6 қыркүйекте олар Англияның қазіргі чемпионы - "Арсеналмен" кездеседі.
“Үздік сұрмерген атанады“: ағылшын жанкүйерлері Сәтпаевқа тәнті болды
Бір сағат бойы Уэльсті әбігерге салды: агент Қазақстан құрамасының жұлдызына қызығушылық барын растады
Қазақстандық аңызға айналған чемпион мансабын аяқтайтынын жариялады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus