Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әрбір бесінші жасөспірім желідегі сексуалдық зорлық-зомбылыққа тап болды - ЮНИСЕФ

21 елде 12 мен 17 жас аралығындағы 20 миллионға жуық бала - шамамен әрбір бесінші бала - бір жыл ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы жасалған сексуалдық қанау мен зорлық-зомбылықтың кем дегенде бір түріне тап болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мұндай мәліметтерді БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) жаңа баяндамасында келтірді. Зерттеу нәтижелері жарияланған пресс-релиз ұйым сайтында жарияланды.
ЮНИСЕФ зерттеуі цифрлық технологиялар арқылы жүзеге асатын балаларға қарсы сексуалдық зорлық-зомбылық пен қанаудың онлайн және офлайн форматта таралуына арналған.

"Баяндама авторларының бағалауынша, 15 миллионнан астам бала жағымсыз сексуалдық контентке тап болған, тоғыз миллионына өз еркінен тыс сексуалдық сипаттағы сөйлесуге немесе сексуалдық суреттер жіберуге өтініш түскен, ал төрт миллион баланың интимдік суреттері олардың келісімінсіз таратылған. Бұл ретте мәселенің нақты ауқымы бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін, өйткені балалар мұндай жағдайлар туралы үнемі айта бермейді", - делінген материалда.

Оқиғалардың 60 пайызға жуығы Facebook, Instagram, Snapchat, TikTok және WhatsApp сияқты әлеуметтік желілерде болған. Тағы 14 пайызы онлайн ойындарға тиесілі. Цифрлық платформалардың функциялары мен ерекшеліктері балалардың сеніміне қиянат жасау үшін пайдаланылуы мүмкін екені атап өтілген.
Жағдайлардың 57 пайызында бала зорлық-зомбылық жасаған адаммен бұрыннан таныс болған. Бұл жерде құрдастары, романтикалық серіктестері, достары және туыстары туралы сөз болып отыр. Сонымен қатар 38 пайыз жағдайда балалар қылмыскермен алғаш рет интернетте танысқан. Қаскөйлер, атап айтқанда, жалған аккаунттар мен жеке хабарламаларды пайдаланады.
Цифрлық технологияларды қолдану арқылы жасалатын сексуалдық қанау мен зорлық-зомбылық балалардың эмоционалдық күйіне қатты әсер етеді. Балалар қорқыныш, ұят, абдырап қалу және оқшаулану сезімдері туралы айтып берген. Көбі өздерімен нақты не болғанын түсінбеген және көмек сұрап қайда жүгіну керектігін білмеген, деп көрсетілген пресс-релизде.
ЮНИСЕФ талдауына сәйкес, мұндай зорлық-зомбылыққа тап болған балалар суицидтік ойлар немесе мінез-құлық пен өзіне зақым келтіру туралы төрт есе жиі хабарлаған, сондай-ақ оларда мазасыздық деңгейі айтарлықтай жоғары болған.
Бұл ретте көптеген бала болған жағдайды жасырып қалады. Зорлық-зомбылық жағдайларының 40 пайыздан астамы ешкімге айтылмаған, ал 1 пайыздан азы ғана полицияға, әлеуметтік қызметтерге немесе көмек көрсету орталықтарына хабарланған. Үндемеудің ең көп таралған себебі - қайда жүгінуді және болған жағдайды кімге айту керектігін білмеу.
ЮНИСЕФ үкіметтерді, технологиялық компанияларды және басқа да ұйымдарды цифрлық ортада балаларды қорғауды күшейтуге шақырды. Атап айтқанда, қор цифрлық платформаларды қауіпсіз етуді, балалардың құпиялылығын жақсырақ қорғауды және зорлық-зомбылық жағдайларын анықтау мен хабарлау тетіктерін жетілдіруді ұсынады.
Зерттеу 21 елде интернетті пайдаланатын 12 мен 17 жас аралығындағы 21 мыңға жуық бала арасында жүргізілген репрезентативті сауалнамаға, сондай-ақ бала кезінде зорлық-зомбылықты бастан өткерген 100 жасөспіріммен жүргізілген сұхбатқа негізделген. Бұл ретте алынған мәліметтер барлық балалар үшін емес, дәл интернетті пайдаланатын балалар үшін репрезентативті саналады.
Еске сала кетейік, Қазақстан үкіметі 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде тіркелуіне заң жүзінде тыйым салуды ұсынған болатын. 2025 жылдың желтоқсанында Мәдениет министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жариялады.
Заң жобасына сәйкес, 16 жасқа дейінгі балаларға көптеген платформада аккаунт ашуға болмайды. Мессенджерлер бұған қосылмайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus