Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық қыз жігітін көрсетті, әлеуметтік желі қолданушылары оны Шрекке ұқсатқан

Ақтөбелік 23 жастағы Мария әлеуметтік желіде жігіті Александрдың суреттерін жариялады. Желі қолданушылары оның танымал мультфильмнің екінші бөліміндегі адам кейпіне енген Шрекке ұқсастығын бірден байқап қалды, деп хабарлайды Tengri Life.
Таңғажайып ұқсастық
Қазақстандық қыз суреттерді TikTok желісінде бөлісті. Әңгіме Шректің "Періште ана" фабрикасында "Мәңгілік бақыт" сусынын ішіп, адамға айналатын сахнасы туралы болып отыр.

Танысу тарихы
Суреттегі жігіттің есімі Александр, ол 24 жаста, АҚШ-тың Сиэтл қаласының тумасы. Олардың бірге жүргеніне бір жылдай болған, ал интернетте кездейсоқ танысқан.
Жұп алғаш рет 2025 жылы Александр Қазақстанға келгенде, Астана қаласында кездескен.

"Біз 2024 жылдың аяғында танысу қосымшасында таныстық. Басында тек онлайн сөйлесіп жүрдік. Александр маған Орталық Азияға ұшып келгісі келетінін айтатын, өзім де саяхаттағанды өте жақсы көретіндіктен, онымен тілдесу қызық болды", - деді Мария.

Скриншот: Tik Tok
Мария ұқсастықты бірден байқаған
Қыздың айтуынша, ол Александрдың Шрекке ұқсастығына таныстығының басында-ақ, видеоқоңыраулар кезінде назар аударған. Бірақ бұл туралы айтуға батпапты.

"Мен мұны ең алғаш танысып, видеобайланыс арқылы сөйлесе бастағанда-ақ байқадым. Бірақ оның қалай қабылдайтынын білмегендіктен, басында айтқан жоқпын", - дейді Мария.

Кейіннен мұндай ұқсастық тек оның ғана ойына келмегені белгілі болды. Александрдың суреті желіде танымал болмай тұрып-ақ, жұптың достары мен таныстары оның Шрекке ұқсайтынын айтып жүрген.

"Иә, қолданушылар интернетте жаппай жаза бастағанға дейін де кейбір адамдар бұл ұқсастықты байқайтын. Әдетте реакциялары бірдей болатын: алдымен күліп немесе таңғалатын, сосын шынымен де ұқсастық бар екенін айта бастайтын", - деп бөлісті ол.


Желідегі танымалдылық және жұптың реакциясы
Александр түскен видео 100 мыңға жуық қаралым жинады. Осыдан кейін желі қолданушылары оның түрінен Шректің бейнесін көруді тоқтата алмай жүргендерін мойындады.
Мария мен Александрдың өздері мұндай салыстыруларға сабырмен қарайды және мұны әзілге айналдырады.

"Мен бұған қалыпты қараймын. Маған Шрек кейіпкері ұнайды, сондықтан мұндай салыстыруларды реніш ретінде қабылдамаймын. Оның үстіне, Шректі жақсы көремін және оны тартымды кейіпкер деп санаймын, сондықтан бұл мен үшін қызықты, тіпті жағымды. Ол да бұған түсіністікпен қарайды. Бұл оның ашуын тудырмайды, біз мұндай пікірлер мен әзілдерге бірге күле аламыз", - деді Мария.

Оның айтуынша, Александрдың сырт келбеті мен бет-әлпетіне қарасаңыз, ұқсастық шынымен де байқалатындықтан, бұл салыстыру қисынды көрінеді.
Болашаққа жоспар
Қазір Мария мен Александр екі жақта тұрады және екі айда бір рет кездеседі. Алайда келесі жылы жағдай өзгеруі тиіс - жұп үйленуді жоспарлап отыр.
Осыдан екі апта бұрын Александр Марияға Пусанда сөз салған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus