Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Айыппұл төлейсіз“: Астанадағы мектепте формаға қатысты дау шықты

Астана мектептерінің бірінде қара шалбар оқушы қыздың ата-анасы мен мектеп әкімшілігі арасындағы дауға себеп болды. Ата-ананың сөзінше, мұндай форма үшін айыппұл төлеуге тура келетіні айтылған. Елордалық білім басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Education.
"Айыппұл төлейсіз"
Бұл оқиға әлеуметтік желідегі жарияланымнан кейін көпшілікке белгілі болды. Пост авторының айтуынша, қызы сабаққа қара шалбар, ақ жейде және қара кеудеше киіп барған.
Осыдан кейін мектептен ата-анасына қоңырау шалып, шалбардың түсі қою көк болуы керектігін айтқан көрінеді.

"Басшылық формаға қатысты хабарласып: "Келіңіздер, айыппұл төлейсіздер" деп төтесінен айтты. Қою көк шалбардың орнына қара шалбар кигені үшін айыппұл ма? Рас па? Шалбардың түсі оқу үлгеріміне қалай әсер етеді?" - деп жазды ол.

Пост авторының сөзінше, былтырғы оқу жылында да оқушы қара шалбар киген және ол кезде форма түсіне қатысты ешқандай ескерту жасалмаған.
Білім басқармасы не деп жауап берді?
Астананың білім басқармасы елорданың жалпы білім беретін мектептерінде қара және қою көк түсті мектеп формасына рұқсат етілгенін хабарлады. Сондай-ақ мекеме ата-аналарға шалбар түсі үшін айыппұл салынады деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Аталған мектеп оқушыларының ата-аналарына мектеп формасының түсі үшін айыппұл салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды", – деп хабарлады ведомство.

Оқиғадан кейін мектеп әкімшілігіне педагогтер мен ата-аналар арасында қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мектеп формасына қойылатын талаптардың бұрыс түсіндірілуіне жол бермеу тапсырылды.
Мектеп қандай талап қоя алады?
Бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық мектептердің оқушылардың сырт келбетіне қоятын талаптары қызу талқыланған болатын. Сондай-ақ шаш үлгісіне, шаш түсіне, макияж бен маникюрге шектеу қойылған жадынамалар тараған еді.
Осыған байланысты ата-аналар мұндай шектеулер қаншалықты заңды екенін және мектеп қандай талаптар қоюға құқылы екенін сұраған болатын.
Ол кезде Оқу-ағарту министрлігі оқушылардың сырт келбетіне қойылатын талаптарды мектептің өзі белгілейтінін хабарлаған. Бұл талаптар ішкі тәртіп ережелерінде бекітіледі және қамқоршылық кеңестің, ата-аналар комитеті мен мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен мақұлданады.
Ереже бұзылған жағдайда алдымен әңгімелесіп, ата-аналарға ескерту жасалады. Қайталап бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік туындауы мүмкін: ескерту немесе 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталанса 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл салынады.
Тағы оқыңыз: Жаңа оқу жылы – жаңа ережелер: Қазақстан мектептерінде енді не өзгереді?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus