Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әлем чемпионатының жұлдыздары клубын ауыстырды: жаздағы топ-5 трансфер

1-інен 2-қыркүйекке қараған түні еуропалық лигаларда трансферлік терезе жабылды. Tengri Sport Еуропадағы жаздың басты мәмілелерінің топтамасын жасады.
Клубтар ойыншы сатып ала алатын соңғы күні "Челси" мен "Манчестер Сити" бірнеше ай бойы талқыланған ауысымды аяқтады.2026 жылғы Әлем чемпионатының финалисі, аргентиналық Энцо Фернандес 145 миллион еуроға (Transfermarkt мәліметтері бойынша) Манчестерге ауысты.
Бұл ауысым осы жаздың ең қымбат трансфері болды, ал тұтас трансферлік кезең құны 100 миллион еуродан асатын келісімдер бойынша рекорд орнатты – олардың саны алтыға жетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Manchester City (@mancity) жарияланымы


Ең қымбат 5 трансфер

Энцо Фернандес – "Челсиден" "Манчестер Ситиге" – 145 миллион еуро;Морган Роджерс – "Астон Вилладан" "Челсиге" – 138 миллион еуро;Элиот Андерсен – "Ноттингемнен" "Манчестер Ситиге" – 135 миллион еуро;Брэдли Барколя – "Пари Сен-Жерменнен" "Ливерпульге" – 125 миллион еуро;Ян Диоманде – "РБ Лейпцигтен" "Реалға" – 125 миллион еуро.

Айта кетейік, Сандро Тоналидің "Ньюкаслдан" "Тоттенхэмге" ауысуы да 100 миллионнан асып, 108 миллион еуроны құрады.Үздіктер қатарына енген әрбір ойыншы әлем чемпионатында өзін көрсете білді. Дегенмен олардың ішінде тек үшеуі ғана жүлдеге ие болды: Фернандес күміс жүлдегер атанса, Роджерс пен Андерсон Англия құрамасымен қола медаль еншіледі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Transfermarkt (@transfermarkt_official) жарияланымы


Қазақстандағы жаздың басты трансферлеріҚазақстандық клубтар да осы маусымда тек ел ішінде емес, шетелде де қызу талқыланған бірқатар айтулы трансферлер жасады.
Бірінші кезекте, бұл Дастан Сәтпаевтың "Қайраттан" "Челсиге" және "Челсиден" "Бернлиге" ауысуы. Transfermarkt мәліметінше, лондондықтар алматылық футбол мектебінің түлегі үшін 2,4 миллион еуро төлеген.
Дастан "Челси" сапында гол соғып үлгерді, бірақ Чемпионшип командасында әзірге нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсе қойған жоқ.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы


Қазақстаннан шыққан тағы бір ауысым – Ислам Чесноковтың "Тобылдан" самаралық "Крылья Советовқа" жалға берілуі. Қазақстан құрамасының вингері көктемде Шотландияда ойнаса, жазда қостанайлықтармен бірге еурокубоктарда бақ сынады, ал енді Еділ жағасында жарқырауға тырысып жүр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Крылья Советов" ПФК (@fckssamara) жарияланымы


Келген ойыншыларға тоқталсақ, қазақстандық командалар арасында "Ордабасы" ерекшеленіп тұр – жазғы трансферде шымкенттіктер сапына бірден төрт ойыншы қосылды.Әсіресе, Норвегия құрамасының бұрынғы ойыншысы Бьерн Йонсеннің ауысуы назар аудартады – Сауд Арабиясының "Әл-Вахда" клубынан еркін агент ретінде келген ол 11 матчте жеті гол мен бір нәтижелі пас беріп, турнирдің үздік сұрмергені атағына таласып жатыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"ОРДАБАСЫ" ФК | FC ORDABASY (@fc__ordabasy) жарияланымы


Бұған дейін лондондық "Челси" 2022 жылғы әлем чемпионы, Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинестің трансферін жариялаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus