Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҰХЛ драфтынан келген “қазақ патшасы“: ол “Барыс“ пен құраманы күшейте ала ма?

"Барыстың" бас бапкері Михаил Кравец Солтүстік Америка лигасында екі жыл өткізіп, командаға қосылған шабуылшы Асанәлі Сәркенов туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Америкалық WHL-дегі "Спокан Чифс" сапында екі жыл өнер көрсеткеннен кейін 20 жастағы форвард Қазақстанға оралды. Маусым алдындағы турнирлерде Асанәлі команда үшін алты ойынның бесеуіне қатысты, оның ішінде "Амурмен" болған кездесуді бастапқы бестікте бастады.
Бапкердің айтуынша, Сәркенов - команданың осы маусымдағы негізгі күшейтулерінің бірі.
– Оның ойынын қалай бағалайсыз, оның негізгі құрамға бекуге мүмкіндігі қаншалықты және оның Мұхиттың арғы жағындағы лигада екі жыл өткізуі қаншалықты әсер етті деп ойлайсыз?

– Өкінішке қарай, оның бұл лигаға дейін қандай болғанын көрген жоқпын, сондықтан салыстыру қиын. Бірақ табиғатынан оның бітімі бөлек: физикалық деректері, күші, төзімділігі, яғни адамның дене құрылымы мүлдем басқа. Маған оның осы күшті қасиеттерін пайдалана отырып, өз жұмысын атқаратыны өте ұнады. Қозғалысы, жылдамдығы, күші, соқтығысу мен тартыс кезінде ешқашан қалыс қалмайды. Тактикалық дайындығы сәл жетіспейді, бірақ мұны, негізінен, үйретуге болады, десе де бұл мектеп қабырғасында қалануы керек еді. Бірақ мұнда жағдай сәл басқаша, ол бұл жерде болған жоқ. Ол жақта, негізінен, үйретеді...Меніңше, бұл тек "Барыс" үшін ғана емес, құрама үшін де жақсы олжа. Болашақта жақсы нәтиже көрсететін тамаша шабуылшы болады деп ойлаймын", – деп атап өтті Михаил Кравец БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Айта кетейік, форвард "Барыстың" ҚХЛ жаңа маусымындағы алғашқы кездесулеріне қатыса алмайды – Санкт-Петербургтегі маусым алдындағы турнирде Сәркенов жарақат алып қалды.

"Қазақ патшасы" лақап аты және ҰХЛ драфты: Асанәлі Сәркенов туралы не белгілі?
Бойы 194 сантиметр болатын ірі денелі форвард бұрын да "Барыс" жүйесінде болған, бірақ 2024 жылы бағын мұхиттың арғы жағында сынап көруді ұйғарды.
Ол жақта WHL-дегі "Спокан Чифс" командасында ойнап, алғашқы маусымында-ақ плей-офф финалына дейін жетті.
Сол жылы клубтың баспасөз қызметі Сәркеновке "Қазақ патшасы" деген лақап ат берді, сондай-ақ ол ҰХЛ командасына қосылғанға дейін оны 217-ші нөмірмен драфт тізіміне енгізген болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Western Hockey League (@westernhockeyleague) жарияланымы


2025/2026 маусымында Сәркенов I дивизиондағы әлем чемпионаты алдында ұлттық құраманың кеңейтілген құрамына енді, бірақ штаб оны қорытынды тізімге қоспады. Дегенмен, Астанаға келуі "Барыс" бапкерлеріне оны байқап көруге мүмкіндік берді және шілде айының соңында оның қазақстандық клуб жүйесіне оралғаны белгілі болды.


Бұған дейін елордалық "Барыс" клубының басшылығы мен жаттықтырушылар штабы Құрлықтық хоккей лигасындағы жаңа маусымға қойылған мақсаттарын айқындаған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus