Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шавкат Рахмонов“Махачевтің тізіміне“ енді

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің бапкері Хавьер Мендес жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты шәкіртінің келесі қарсыластары тізіміне қосты, деп хабарлайды Tengri Sport Submission Radio-ға сілтеме жасап.
Америкалық бапкерден сұхбат барысында 34 жастағы ресейлік файтердің келесі қарсыласы ретінде кімді көргісі келетінін сұрады.
Мендес үш спортшының есімін атады: эквадорлық Майкл Моралес, бразилиялық Карлос Пратес және қазақстандық Шавкат Рахмонов.

"Ислам жұдырықтасуға дайын. Өзі де айтты ғой: Рамазан айына дейін жекпе-жек өткізгісі келеді. Бізге Пратеспен кездесу бұйырады деп үміттенемін. Егер Пратес болмаса, басқа біреумен шығады. Жалпы, менің тізімімде үш адам бар: Майкл Моралес, Карлос Пратес және Шавкат Рахмонов. Исламның осы жігіттермен жекпе-жекке шыққанын қалаймын. Егер осы үшеуін де жеңсек, ешкімде ешқандай күмән қалмайды. Айтарға сөз болмайды. Оның еңбегін мойындауға тура келеді", - деді Мендес.


Еске сала кетейік, Ислам Махачев 16 тамызда UFC 330 турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақ дәрежесінде белбеуін алғаш рет сәтті қорғап қалды.
Махачев жекпе-жек барысында үнемі тейкдаун жасап, Гэрриді партерде ұстап тұрды. Ирландиялық спортшы тік тұрып төбелесуде, әсіресе үшінші және төртінші раундтарда белсендірек болғанымен, чемпион күрес есебінен басымдығын сақтап қалды.
Бесінші раундта ресейлік файтер қарсыласын тағы да партерге түсіріп, арқасынан қысты да, жекпе-жек аяқталғанша осы позицияда ұстап тұрды. Бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті біуыспен Махачевке берді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Islam_Makhachev (@islam_makhachev) жарияланымы


Шавкат Рахмонов екі жылға жуық уақыт бойы жекпе-жекке шыққан жоқ
Айта кетейік, жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық Шавкат Рахмонов 2024 жылдың 8 желтоқсанында өткен UFC 310 турнирінен кейін октагонға шыққан жоқ. Сол кеште ол дәл осы Гэрриді төрешілердің біріңғай шешімімен жеңген болатын.
Бастапқыда бұл жекпе-жек Шавкат үшін чемпиондық айқас болуы тиіс еді, бірақ сол кездегі белбеу иегері Белал Мухаммад жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Кейінірек Рахмоновтың өзі де жарақат алғанын мәлімдеп, чемпиондық атаққа таласа алмады.


"Шавкат оралмайды": Рахмоновтың командасы спортшының жағдайы туралы айтты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus