Алматы мен облыстағы ТҮК-тер қарызы миллиард теңгеден асқан: кімдерге жарықты өшіру қаупі төніп тұр?
Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің жарық үшін берешегі бір миллиард теңгеден асса, облыста бұл көрсеткіш 80 миллионнан асады. Ең ірі борышкерлердің тізімін "Алатау жарық компаниясы" жариялады.
Энергия беруші ұйым 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап борышкерлерге қатысты электр энергиясын беруді шектеуге немесе толықтай тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.
"Бүгінгі таңда тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жасау бойынша күрделі жағдай қалыптасып отыр. Тұрақты және үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін, әсіресе жылыту маусымы қарсаңында, пайдаланылған жарық үшін төлемді уақтылы жасау маңызды", - деп түсіндірді "Алатау жарық компаниясы" мұндай шаралардың себебін.
2026 жылғы 28 тамыздағы жағдай бойынша ең көп берешегі бар Алматы тұрғын үй кешендері:
"Алма Сити 5/2" ТҮК - 125,94 миллион теңге;"Alatau City" ТҮК - 109,37 миллион теңге;"Жас Қанат" ТҮК - 104,21 миллион теңге;"Алма Сити 1, 2, 3" ТҮК - 102,63 миллион теңге;"Medeu city" ТҮК - 102,18 миллион теңге;"Алма сити 4" ТҮК - 60,17 миллион теңге;"Tamarix" ТҮК - 56,2 миллион теңге;"Мирас" ТҮК - 37,14 миллион теңге;"Altin City" ТҮК - 25,54 миллион теңге;"Алтын Бұлақ-1" ТҮК - 22,63 миллион теңге;"Etasa Резиденс" ТҮК - 21,13 миллион теңге;"RAMS CITY" ТҮК - 20,24 миллион теңге;Ерменсай ықшамауданының тұрғын үй алабы - 19,27 миллион теңге;"Драгон Сити" ТҮК - 19,15 миллион теңге;"Өжет" ТҮК - 18,59 миллион теңге;
"Meridian Apartments" ТҮК - 14,09 миллион теңге;"Four Seasons" ТҮК - 13,99 миллион теңге;"Rams City" ТҮК - 12,89 миллион теңге;"Әлем сити 1" ТҮК - 12,67 миллион теңге;"Qargaly City" ТҮК - 10,36 миллион теңге;"София" ТҮК - 10,00 миллион теңге;"Алма сити 4/2" ТҮК - 9,84 миллион теңге;"Сити плюс" ТҮК - 9,53 миллион теңге;"Titul tоwn" ТҮК - 7,36 миллион теңге;"Жерұйық" ТҮК - 6,45 миллион теңге;"Есентай Сити" ТҮК - 6,18 миллион теңге;"Biography" ТҮК - 6,08 миллион теңге;"Exclusive Юбилейный" ТҮК - 5,99 миллион теңге;"Амаль" ТҮК - 5,93 миллион теңге;
"Эдельвейс" ТҮК - 5,62 миллион теңге;"Melody" ТҮК - 4,89 миллион теңге;"Көк Жиек сити" ТҮК - 4,75 миллион теңге;"Ақкент" ТҮК - 4,12 миллион теңге;"Nomad City 2" ТҮК - 4 миллион теңге;"Гүл Ана" ТҮК - 3,94 миллион теңге;Time city ТҮК - 3,39 миллион теңге;"Central Avenue" ТҮК - 3,07 миллион теңге;Тұрғын үй алабы (Қаталбаева С.Н.) - 2,91 миллион теңге;"ТАН" ПТ тұрғын үй алабы - 2,8 миллион теңге;"Асу" ПТ жатақханасы - 2,82 миллион теңге;"Европолис" ТҮК - 2,8 миллион теңге;"Alem City" ТҮК - 2,59 миллион теңге;"Академик" ПТ жатақханасы - 2,57 миллион теңге;"Luxury" ТҮК - 2,57 миллион теңге;Қадам ТҮК - 2,56 миллион теңге;
"Rams Luxury" ТҮК - 2,53 миллион теңге;"СТ "Сервис" ПТ тұрғын үй алабы - 2,48 миллион теңге;"Радужный берег" ТҮК - 2,47 миллион теңге;"Saxon Yard" ТҮК - 2,16 миллион теңге;"Lancashire" ТҮК - 2,1 миллион теңге.
Алматы облысында ең көп берешегі бар алты тұрғын үй кешені:
"Gate City" ТҮК - 36,74 миллион теңге;"Ашық төбе" ТҮК - 14,57 миллион теңге;"Aspan City-2" ТҮК - 13,11 миллион теңге;"Достар" ТҮК, "Алматау" ТҮК - 12,05 миллион теңге;Qazyna (Қазына) ТҮК - 4,98 миллион теңге;"Арнау" ТҮК - 1,24 миллион теңге.
Компания тамыз айынан бастап түбіртектерде тек нақты пәтердің есептеулерін ғана емес, сонымен қатар бүкіл үйдің берешегін де көрсетіп келеді.
"Егер үйіңіз бойынша берешекті көрсеңіз, МИБ-ке, ПИК-ке немесе басқарушы компанияға хабарласып, қарыздың пайда болу себептері мен оны өтеу мерзімдерін нақтылауды ұсынамыз. Қолда бар берешекті уақтылы өтеуді және оның жиналуына жол бермеуді сұраймыз", - деп қорытындылады компаниядағылар.
Тағы оқыңыз:“Алатау жарық компаниясы“ Алматыдағы жарықтың жиі өшуін түсіндірді