Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Дастан Сатпаев ірі жеңілістен кейін “Бернли“ бапкерінің жоғары бағасына ие болды

"Бернли" клубының бас бапкері Ники Хайен Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтпаевтың "Норвич Ситиге" қарсы ойынын ерекше атап өтті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Еске салайық, кешегі матчта қазақстандық футболшының командасы "Норвичтен" 1:4 есебімен жеңілді. 18 жастағы Дастан Сәтпаев үшін бұл Чемпионшип аясында негізгі құрамда алаңға шыққан алғашқы матч болды.
Сәтпаев алаңда толық 90 минут ойнап, қақпаға үш рет соққы бағыттады, бес рет қарсыласын сәтті алдап өтті, 33 пастың 24-ін дәл жеткізді және 14 жекпе-жекте жеңіске жетті. Flashscore порталы оның ойынына 7,6 балл беріп, "Бернли" сапындағы ең үздік футболшы деп таныды.


"Дастанның ойынын өздеріңіз көрдіңіздер: 18 жастағы жігіт бүгін біздің ең үздік футболшымыз болды. Бірақ құрамда өз-өзіне сенімсіз көрінетін немесе ойынына қатысты сұрақ туындайтын басқа да ойыншылар бар. Дастанның көрсеткен жігері мен команда үшін қалай күрескеніне қарасақ, алаңға шыққан әр футболшы дәл осындай деңгей көрсетуі керек", — деді "Бернли" бапкері.


– Сіз Дастанды атап өттіңіз. Құрамда жас ойыншылар, әсіресе жаңадан келгендер көп. Осындай қиын нәтижелер тіркеліп жатқан кезеңде тәжірибелі футболшылардың рөлі қаншалықты маңызды? Олар жастарға бағыт-бағдар беріп, сенімділік ұялатуда және киім ауыстыратын бөлмеде қаншалықты әсер ете алады?

"Иә, өте орынды сұрақ. Дәл осы мәселені қазір клуб басшылығымен талқылап жатырмыз. Біз көшбасшылық қасиеті бар, Чемпионшиптің не екенін жақсы білетін және жеңіске қалай жету керектігін түсінетін футболшыларды қатарымызға қосу үшін белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Қазір бізге дәл осындай ойыншылар жетіспейді. Сондықтан алдағы бірнеше күнде, тіпті жақын екі күнде осындай футболшыларды көндіріп, келісімшартқа отырғызу үшін барымызды саламыз", — деп толықтырды Ники Хайен.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы


Осы жеңілістен кейін "Бернли" Чемпионшип турнирлік кестесінде 22-орынға түсіп, төмендеу аймағына енді. Ники Хайеннің командасы чемпионатта әлі жеңіске жеткен жоқ: "Вест Хэммен" тең түсіп, "Вест Бромвич" пен "Норвичтен" жеңілді.
"Бернли" келесі матчын Чемпионшиптің 4-туры аясында 2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де өткізеді. Қарсыласы — турнирлік кестенің жоғарғы бөлігінде келе жатқан "Мидлсбро".
Бұған дейін Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов өнер көрсететін әзербайжандық "Сабах" клубы футболшылардың Чемпиондар лигасы жеребесіне реакциясы түсірілген видеоны жариялаған болатын.
Сондай-ақ Монакода Конференция лигасының жалпы кезеңіне жеребе тартылып, алматылық "Қайраттың" қарсыластары анықталған еді. Грекия, Румыния және Швеция БАҚ-тары командалардың Қазақстанға алдағы сапарларына қатысты пікір білдірген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus