Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Рейтингті тексермеймін“: Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігі туралы айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы Үлкен дулыға турнирінен кейін әлем рейтингінің көшбасшысы атану мүмкіндігі туралы ойламауға тырысатынын айтты, деп хабарлайды Tengri Sport.
– БАҚ сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атану мүмкіндігіңіз туралы жазып жатыр. Бұл жағдайдан қаншалықты хабардарсыз? Ол сізді алаңдата ма? Ұпайларды есептеп жүрсіз бе?

"Мен рейтингті де, ұпай санын да тексермеймін. Бірақ қай сатыда болуым керектігін, басқа теннисшілердің қалай ойнауы тиіс екенін және түрлі сценарийлерді көбіне БАҚ-тан біліп отырамын. Мен үшін, әсіресе өткен аптадағы жарақаттан кейін, ең маңыздысы – денсаулығымды сақтап, әр матчқа жеке-жеке дайындалу. Өйткені бұл жылдың соңғы турнирі емес. Әрине, бұл – Үлкен дулыға турнирі және мұнда жақсы нәтиже көрсеткің келеді. Бірақ денсаулығың жақсы болып, ойынды жалғастыра алсаң, алда әлі де көптеген мүмкіндік болады. Сондықтан бұл туралы мүлдем ойламауға және әр матчта барымды салуға тырысамын", – деді теннисші баспасөз мәслихатында.


Елена Рыбакина US Open турнирінен кейін әлемнің 1-ші ракеткасы атану мүмкіндігі туралы ойламауға тырысатынын, басты назары денсаулығын сақтау мен әр матчқа дайындалуда екенін айтты"БАҚ сіздің 1-ші орынға шығу мүмкіндігіңіз туралы айтып жатыр. Бұл туралы не білесіз? Бұл сізді алаңдата ма? Сіз… pic.twitter.com/JMeVuGqI9D
— The Tennis Letter (@TheTennisLetter) 29 тамыз, 2026 жыл
Елена Рыбакина US Open турнирінің алғашқы айналымында кіммен ойнайды?
Осы маусымдағы соңғы Үлкен дулыға турнирінде Елена Рыбакина жарысты бірінші айналымнан бастайды. Қазақстандық теннисшінің қарсыласы – ұйымдастырушылардан wild card алған әлемнің 580-ракеткасы, 17 жастағы америкалық Теа Фродин.
Матч сейсенбі, 1 қыркүйекте Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де өтеді.
Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануы мүмкін
Еске салайық, Елена Рыбакина турнир қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуі мүмкін. Ол үшін екі шарт орындалуы қажет:

Егер Елена Рыбакина US Open жартылай финалына дейін жетсе, оны ешкім басып оза алмайды.
Джессика Пегула, Коко Гауфф және Арина Соболенко турнирде жеңіске жетпеуге тиіс.

Егер қазақстандық теннисші жарыстан ертерек шығып қалса, ал рейтингтегі басты қарсыластарының бірі турнирде жеңіске жетсе, әлемдік рейтингтің бірінші сатысына сол спортшы көтеріледі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба


Еске салайық, Цинциннатиде өткен WTA 1000 турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартқан болатын.
Қазақстанның үздік теннисшісі жарақатына байланысты бір аптадан астам уақыт кортқа шықпады. Алайда бірнеше күн бұрын US Open турнирі қарсаңында ашық жаттығу өткізді. Видеокадрларға қарағанда, қазақстандық спортшы жарақатынан айыққан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus