Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Көлік ұрлады деген қазақстандық 5 жылға сотталған: үкімнің күші жойылды

Кассациялық сот бұған дейін автокөлік ұрлағаны үшін бес жылға сотталған қазақстандыққа қатысты үкімнің күшін жойды. Ер адам қамаудан босатылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылғы 23 қазанда ер адам жүргізушінің Hyundai Elantra көлігінен қысқа уақытқа шығып кеткенін пайдаланып, бөгде көліктің рөліне отырған. Оның айтуынша, ол мұны жүргізушінің өтініші бойынша, жолды босату үшін көлікті басқа жерге қою мақсатында істеген.
Қозғалыс кезінде автокөлік басқа екі көлікпен соқтығысқан.
Бірінші инстанция соты ер адамды жымқыру мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иеленгені үшін кінәлі деп танып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Апелляциялық саты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот үкімнің күшін жойды
Сотталушы шешімге шағым түсірді. Кассациялық сот айыптау тарапы қылмыс құрамының басты элементі - көлікті айдап кетуге бағытталған тікелей ниетті дәлелдей алмады деген қорытындыға келді.

"Оқиғаның бейнежазбасы жоқ, көліктің қозғалысын көрген куәгерлер анықталмаған, ал ЖКО сызбасы көліктің қанша қашықтыққа жылжығанын және соқтығысқан жерін анықтауға мүмкіндік бермейді", - делінген хабарламада.

Сот сот актілерінде келтірілген шығын көлемінің әртүрлі көрсетілгеніне назар аударды.
Нәтижесінде кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың шешімдерін бұзып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтатты.
Ер адамды дереу қамаудан босату туралы қаулы шығарылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus