Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазгидромет Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады

"Қазгидромет" өзінің ресми сайтында Алматы мен тағы екі қаланың тұрғындарына ескерту жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақпарат бейсенбіге арналған ауа сапасы болжамына қатысты.

"27 тамызда Алматы мен Ақтөбеде, түнде Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанады", - делінген хабарламада.

Ауаның ластануы түріндегі қолайсыз метеожағдай - бұл атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия) жиынтығы.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда күн райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус , күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.
Ақтөбеде күн райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +25...+27 градус болады.
Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 1-6, күндіз 6-11 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +29...+31 градус болады.
Бұған дейін синоптиктер 27, 28 және 29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, Қазақстанда жақын күндері ауа райы күрт өзгереді. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ және дауыл болуы мүмкін.
Тағы оқыңыз: Астанада күн күрт суытып, Алматыда 34 градус ыстық болады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus