Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Спорт министрлігі “Қайрат“ академиясын қаржыландыру туралы пікір білдірді

Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі мемлекет "Қайрат" футзал академиясын қаржыландыра беретінін мәлімдеді. Бұған дейін БАҚ-та Алматыда ойыншыларды даярлау қызметі тоқтатылғаны туралы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды Tengri Sport.
17 тамызда БАҚ-та жас футзалшылардың ата-аналары "Қайрат" академиясының басшылығынан алған хабарлама тарады. Онда "Қайрат футзал" академиясының U-13, U-15, U-17 және U-19 жасөспірімдер командаларының қызметі тоқтатылатыны, ал жаттығулар мен жарыстар өтпейтіні айтылған.
Сол кезде клубтың жауабы да жарияланды, онда бірнеше команданың жұмысы тоқтатылғаны расталды, бірақ қазіргі уақытта SportQory-мен қаржыландыруды қайта бастау туралы келіссөз жүріп жатқаны атап өтілді.
Tengri Sport жағдайдың мән-жайын білу үшін Туризм және спорт министрлігіне хабарласты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Футзал Қазақстан ???????? (@futsalkazakhstan) жарияланымы


"Қайрат" академиясын қаржыландыру қалпына келтірілді" - Спортмині
Біздің сауалымызға Туризм және спорт министрлігі "Қайрат" футзал академиясын қаржыландыруға өтінім мақұлданғанын және клуб жұмысын тоқтатуға негіз жоқ екенін айтты.

"Қайрат" футзал академиясының қызметін қаржыландырумен қамтамасыз ету мәселесі белгіленген тәртіппен қаралды. "Қайрат" академиясы "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қорына академия қызметін қаржыландыруға тиісті өтінім берген болатын.Қарау нәтижесі бойынша өтінім оң шешім алды. Осыған байланысты "Қайрат" балалар мен жасөспірімдер академиясының тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы бөлінгенін хабарлаймыз. Қаржыландырудың жоқтығына байланысты академия қызметін тоқтатуға негіз жоқ", - делінген ведомство жауабында.

Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта отандық футзалдың маңызды бөлігі болып саналатын академияны тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтті.
Бұл ретте жауапта заңнамаға сәйкес ойын спорт түрлерін қаржыландыруға лимит бар екені ескертілді.

"Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңының 7-бабы 65-12-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 22 шілдедегі № 143 бұйрығымен ойын спорт түрлері бойынша кәсіби спорт клубтарын ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының лимиттері бекітілген.Аталған бұйрыққа сәйкес, футбол мен шайбалы хоккейді қоспағанда, ойын спорт түрлері үшін қаржыландыру лимиті жылына 120 мың айлық есептік көрсеткіштен аспайды", - делінген жауапта.

Осылайша, "Қайрат" футзал клубы мен оның академиясын қаржыландыруға 519 миллион теңгеден асатын қаражат бөлінбейді.
"Қайрат" академиясы - Қазақстан құрамасының базасы
Еске сала кетейік, "Қайрат" футзал клубы - елдегі ең атақты команда (22 дүркін чемпион) және еуропалық трофейдің жалғыз иегері - УЕФА кубогын екі рет жеңіп алған.
Сонымен қатар академия Қазақстанның футзал құрамасына тұрақты түрде ойыншылар даярлайды: ұлттық құрама сапындағы Нарын Серіков, Ержан Кәрменов және Әбдірасұл Әбдіманапұлы Алматыда тәрбиеленген.
Жастар құрамаларында мұндай ойыншылар көп, бірақ олардың бәрі бірдей негізгі командаға дейін жете бермейді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kairat Futsal (@afckairat) жарияланымы


Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасында “Барселонамен“ ойнайды
Қазақстандықтың суперкамбэгі және “Селтиктің“ сәтсіздігі: Чемпиондар лигасының матчтері қалай өтті?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus