Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

БАӘ-де қазақстандық екі қыз көз жұмды: СІМ мән-жайын анықтап жатыр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Шарджада қазақстандық екі қыз қаза тапқанын хабарлады. Қыздардың туыстары оларды біреулер өлтіргеніне сенімді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтардың қазасы
СІМ жергілікті билік органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын және тергеу мүддесіне байланысты ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Министрлік Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы құжаттарды рәсімдеу және қыздардың өліміне қатысты БАӘ-нің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл жасауды қоса алғанда, барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатқанын атап өтті.

"Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Шарджа қаласында (БАӘ) қаза тапқан еліміздің азаматтары А. Б. және Ж. Б.-ның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. СІМ қаза тапқандардың отбасыларымен байланыста және өз құзыреті шеңберінде оларға қажетті көмек көрсетіп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

"Онда олар жұмыс істеген"
Tengrinews.kz тілшілері қаза тапқандардың туыстарымен байланысты. Отбасы мүшелері қайғылы оқиғаның кейбір мән-жайын айтып берді.
Олардың айтуынша, 2006 және 2004 жылы туған қыздар Шарджада жұмыс бабымен болған. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында олар Қазақстанға оралуы керек еді, бірақ бір апта бұрын байланысқа шықпай қалған.

"Біз оларды барлық жерде іздедік, көші-қон полициясында шығар деп ойладық. Бірақ кеше бізге екі мәйіт табылғанын және олар біздің қарындастарымыз екенін хабарлады. Оларды өлтіріп кеткен, денелерінде пышақ жарақаты бар. Сондай-ақ күдікті ұсталғанын, оның да Қазақстаннан екенін айтты", - деді қыздардың туыстары.

Айта кетейік, ресми мемлекеттік органдар қыздардың өліміне не себеп болғаны, ұсталған адам және оның азаматтығы туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.
Қазір қаза тапқандардың туыстары жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін мәйіттерді елге қайтаруға күш салып жатыр.
Бұған дейін Қазақстан азаматы Ресейдегі құрылыс нысанында болған өрттен кейін қаза тапты. Бұған дейін жарияланған алдын ала мәліметтер бойынша, қазақстандық ер адам денесінің 70 пайызын күйік шалып, 18 тамызда ауруханада көз жұмған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus