Шымкентте газ құбырында өрт шықты: газ беру тоқтатылды
Ведомствоның мәліметінше, жүк көлігі мен бұрғылау жабдықтары өртенген. Газ қызметі ысырманы жауып, газ беруді тоқтатты.
"ТЖМ бөлімшелері газ құбырын салқындатып, өртті сөндірді және оттың жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі тұрғын үй кешенінде өрт шыққан еді. Оқиға салдарынан бір әйел қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.