Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Саин көшесіндегі арнайы жолақ пилоты аяқталды: әкімдік алдағы жоспарлар туралы айтты

Саин көшесіндегі арнайы автобус жолағының пилоттық жобасы 20 тамызда аяқталды. Tengri Auto тілшісі әкімдіктен автобус жолағының қозғалысқа қалай әсер еткенін және оның алынып-алынбайтынын білді.
Пилоттық жоба нәтижесі қандай?
Арнайы жолақ 20 маусымда Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі алты шақырымдық учаскесінде іске қосылған болатын.
Алматы қаласы мобильділік басқармасы пилоттық жоба кезінде автобустардың жүру жылдамдығы артқанын хабарлады.

Олардың мәліметінше, таңғы қарбалас уақытта аралықтардағы жылдамдық сағатына 38,2-ден 42,8 шақырымға дейін – 11,8 пайызға артқан.
Кешкі қарбалас уақытта медианалық жылдамдық сағатына 30-дан 35,4 шақырымға дейін – 18 пайызға өскен.

Сондай-ақ автобустар арасындағы интервал да қысқарған. Күндізгі орташа көрсеткіш 13,6 минуттан 13,2 минутқа, ал таңғы қарбалас уақытта 13,6 минуттан 11,6 минутқа дейін азайды.

"Көлік жағдайына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Алдын ала нәтижелер қоғамдық көлік бойынша оң динамиканы көрсетіп отыр: жолаушылар сұранысы сақтала отырып, қозғалыс жылдамдығы артып, интервалдар қысқарды және қозғалыс тұрақтылығы жоғарылады", – деп хабарлады басқарма.

Ал автокөлік жүргізушілері ше?
Бұл ретте басқарма арнайы жолақтың автокөлік кептелісіне әсеріне қатысты әзірге нақты баға беруге дайын емес.

"Арнайы жолақтың автокөлік трафигі мен жол жүру уақытына жалпы әсерін бағалау үшін қосымша статистикалық мәліметтер жинақтау қажет, оның ішінде оқу жылы басталғаннан кейінгі көлік жүктемесінің өзгеруі де ескеріледі", – деп мәлімдеді әкімдік.

Бұған дейін тамыздың басында әкімдік Саин көшесінің бір бөлігінде жылдамдық режимін төмендеткен болатын. Сағатына 60 шақырымдық жылдамдық шектеуі Рысқұлов даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралықта енгізілді. Бұл шешім Саин көшесі Мөңке би көшесіне дейін ұзартылғаннан кейін көлік ағынының артуымен және қатар ауыстыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірілді.
Арнайы жолақ алына ма?
Бұған дейін әкімдік Tengrinews.kz сайтына пилоттық жоба 20 тамызға дейін жалғасатынын, содан кейін қорытынды шығарылып, автобус жолағының тағдыры шешілетінін хабарлаған еді.

"Арнайы жолақтың тиімділігіне түпкілікті баға бейімделу кезеңі аяқталғаннан кейін және жеткілікті статистикалық мәліметтер жиналған соң беріледі. Бұған оқу жылының басталуына байланысты көлік жүктемесінің маусымдық артуы да әсер етеді", – деді басқарма өкілдері.

Мониторинг 20 тамыздан кейін де жалғасады. Басқарма бақылау қорытындысы бойынша Саин көшесіндегі қозғалысты ұйымдастыруға түзетулер енгізілуі мүмкін екенін айтты. Нақты шешім қашан қабылданатынын және автобус жолағы қазіргі нұсқасында қала ма, жоқ па – басқарма нақтыламады.
Алматы полициясы да объективті қорытынды жасау үшін оқу жылының басталуын күту керектігін айтты. Бұған дейін Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек алғашқы қорытындыларды қыркүйектің ортасына қарай жасауға болатынын айтқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus