Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Экзитпол нәтижелері: Құрылтайға қанша партия өтті?

Қазақстандағы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша экзитпол нәтижелері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алғашқы сауалнама нәтижесіне сәйкес, Құрылтайға 5 саяси партия өтуі мүмкін. Бұл деректерді Еуразиялық интеграция институты жариялады.Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі мынадай:

"Әділет" партиясы - 71,80%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5,20%;Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 1%;Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 3%;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,40%;Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,10%;Respublica - 5,40%;
"Бәріне қарсымын" - 2,10%.


ИКСИ "Социс-А" дерегі бойынша, Құрылтай сайлауындағы экзитпол нәтижесі былай бөлінді:

"Әділет" партиясы - 70,7%;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,4%;Respublica - 5,5%;Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,4%;Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5%;Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 3,2%;Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 1,2%;
"Бәріне қарсымын" - 2,6%.


Ал Қоғамдық саясат институтының мәліметінше, дауыс беру нәтижесі мынадай:

"Әділет" партиясы - 72,3%;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 6,2%;Respublica - 5,2%;Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 5,1%;Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) - 5%;Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) - 2,8%;Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы - 0,9%;
"Бәріне қарсымын" - 2,5%.


Экзитпол халықаралық тәжірибеде қолданылатын стандартты әдістеме бойынша сұхбат түрінде жүргізілді. Қатысушыларға "Парламент сайлауында қай партияға дауыс бердіңіз?" деген бір ғана сұрақ қойылды.
Материал толықтырылып жатыр.
Анықтама: Экзитпол - бұл сайлаушылардың дауыс беріп шыққан бойда жүргізілетін сауалнамасы. Әдетте сұхбат алушылар сайлау учаскелерінің маңында тұрып, адамдардан кімге немесе қай партияға дауыс бергенін сұрайды. Қатысу ерікті түрде жүзеге асады. Экзитпол ресми дауыстар толық саналып біткенге дейін сайлаудың ықтимал нәтижесін шамалауға мүмкіндік береді. Алайда оның қорытындысы сайлаудың ресми нәтижесі болып саналмайды және түпкілікті деректерден өзгеше болуы мүмкін.
Партиялар Құрылтайға өтуі үшін жалпы сайлаушылар дауысының кемінде 5 пайызын жинауға тиіс.

Сайлаудың алдын ала және түпкілікті қорытындысын кейін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды. Ресми нәтиже 30 тамызға дейін белгілі болуға тиіс.

23 тамыз - сайлау күні
Елімізде сайлау учаскелері сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ашық. Олар жабылғаннан кейін бірден дауыстарды санау басталады. Содан кейін аумақтық комиссиялар ОСК-ға нәтижелер бойынша есеп береді. Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны арнайы отырыста шығарады.
Еске салайық, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, барлығы 4 670 816 сайлаушы бюллетень алып, бұл 37,05 пайыз болды.
Ал сағат 10-ға қарай сайлауда 2 миллионнан аса қазақстандық дауыс берді. Алдын ала келу көрсеткіші 17,96 пайыз болды. Бұл сайлауда сайлаушылар тізіміне барлығы 12 605 788 адам енгізілген.
Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұған дейін біз Құрылтай сайлауында кімдердің бірінші болып дауыс бергені туралы жазған болатынбыз. Токиода бір студент дауыс беруге қазақ биінің киімін киіп келді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus