Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жайық жұрты Құрылтай сайлауында белсенділік танытты

Батыс Қазақстан облысында Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталды. Таңдау жасау үшін таңнан сайлау учаскелеріне ағылған тұрғындар саяси науқанға белсенді қатысты. Өңірдегі барлық учаскелер өз жұмысын аяқтап, енді дауыстарды санау басталды.
Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, облыста дауыс беру құқығына ие 450 мың азаматтың сайлауға қатысуы күтілді. Өңір бойынша 488 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беру барысының ашықтығы мен заң талаптарының сақталуын 21 қоғамдық бірлестік өкілдері және тәуелсіз байқаушылар бақылады.

Сайлау күні ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың да өз таңдауын жасауына мүмкіндік берілді. Учаскелер пандустармен, тактильді жолақтармен және қажетті құралдармен жабдықталды. Қозғалысы шектеулі тұрғындар үшін облыс бойынша 55 "Инватакси" көлігі қызмет көрсетті. Ал есту қабілеті төмен азаматтарға сурдоаудармашылар көмектесті.
Дауыс бергендердің қатарында өңір басшысы Нариман Төреғалиев те болды. Облыс әкімі Орал ақпараттық технологиялар колледжіндегі №521 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды реформалар жүзеге асып, дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Бүгін ел тарихындағы тағы бір елеулі оқиға – жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауында таңдау жасап жатырмыз. Осындай тағдыршешті сәтте әр азаматтың дауысы маңызды", – деді Нариман Төреғалиев.

Сайлау тек дауыс берумен шектелген жоқ. Өңір аудандарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылып, тұрғындарға жергілікті өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды. Ал сайлау учаскелеріндегі фотозоналар тарихи күнді естелікке айналдырды.

Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік те назарда болды. Құқық қорғау органдары сайлау учаскелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасады. Дауыс беру процесі заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылды.
БҚО Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, дауыс беру барысында заң бұзушылықтар тіркелмеген. Барлық сайлау учаскелері белгіленген уақытта жұмысын аяқтап, бюллетеньдерді санау рәсіміне кірісті.
Осылайша, Батыс Қазақстан тұрғындары елдің саяси өміріндегі маңызды науқанға қатысып, өз азаматтық таңдауын білдірді. Ендігі кезеңде сайлау комиссияларының дауыстарды санау және қорытынды нәтижелерді шығару жұмысы жалғасады.
Құрылтай сайлауы – азаматтардың ел болашағына қатысты ұстанымын білдіретін маңызды қоғамдық-саяси оқиға. Жайық жұртының белсенді қатысуы өңір тұрғындарының қоғамдық өмірге деген жауапкершілігі мен азаматтық белсенділігінің жоғары екенін көрсетті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus